ОБЛЫС ӘКІМІ ЖЕРГІЛІКТІ КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ
Өңірде жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру, салық базасын ұлғайту және қоғамдық-саяси ахуалды тұрақтандыру мақсатында «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» жобасы екінші жыл қатарынан жүзеге асырылуда. 
Бүгін аймақ басшысы Қуанышбек Ысқақов Өңірлік кәсіпкерлер кеңесінің мүшелерімен кездесіп, облыстағы аталмыш саланың дамуына қатысты мәселелерді талқылады.
«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2020 жылдан бастап микро және шағын бизнес салық төлеуден босатылып, оларға тексеру жүргізуге мораторий жарияланатын болады. Бұл өзгерістердің түпкілікті түйіні мемлекеттің бизнесті дамыту үшін барынша қолайлы жағдай жасаудағы стратегиялық бағытына сәйкес келеді. Біздің мақсатымыз өңірде бизнесті табысты жүргізу үшін әкімшілік кедергілерді болдырмау және қолайлы жағдайлар жасау болып табылады»,-деді аймақ басшысы. 
Өңір басшысы бизнес өкілдерінің ұсыныстарын тыңдап, ой-пікір алмасты. Сондай-ақ, барлық бизнес-идеяларды қолдауға әзір екенін айтып, кәсіпкерлік саласын дамыту бағытында бірлескен жұмыстарды атқаруға шақырды.
Өз кезегінде, кәсіпкерлер туған жерлерінің өсіп-өркендеуі мен Сыр елінің республикада озық болуы үшін айналысып жүрген кәсіптері бойынша үнемі ізденісте болып, аянбай  қызмет ететіндерін жеткізді. 
Сонымен қатар, өздерін толғандырып жүрген ойларымен бөлісіп, сол бағытта бірлесуге әзір екендіктерін айтты.
«Біз үшін жұмыс істейтін әрбір кәсіпкер маңызды және оларға біз жұмысты жүргізу үшін ең жақсы жағдайларды жасауға тырысамыз»,-деп қорытындылады Қ.Ысқақов.
 
Теги: 

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика