ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ЕАЭО ЕЛДЕРІМЕН ӨЗАРА ТАУАРЛАР САУДАСЫНЫҢ КӨЛЕМІ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ
2019 жылдың қаңтар-тамызында Қызылорда облысының Еуразиялық арнайы экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен өзара саудасы 69411,5 мың АҚШ долларын құрады. Бұл көрсеткіш  2018 жылдың  қаңтар-тамызымен салыстырғанда  1,3%-ға көп, деп хабарлайды облыстық статистика департаменті.
Оның ішінде экспорт 36256,7 мың АҚШ долларын (1,9 есе көп), импорт – 33154,8 мың АҚШ долларын (33%-ға кем) құрады.
Облыс экспорты құрылымында көпшілігін бейорганикалық химия өнімдері (ЕАЭО елдерінің барлық экспортының көлеміне 50,3%), минералды өнімдер – 40,8% (тұз – 36,1%, табиғи құмдар – 4%, мұнай өнiмдерi – 0,7%), малдан шығатын, өсімдік тектес өнімдер және дайын азық-түлік тауарлар – 8,8% (күріш – 5,2%, жас немесе мұздатылған балық 1,8%) құрады.
ЕАЭО елдерінен үлкен дәрежеде машиналар және жабдықтар, транспорттық құралдар және аппараттар (ЕАЭО елдерінің импорты жалпы көлеміне 44,4%), химиялық өнеркәсіп өнімдері – 16,8%, мал және, өсімдіктер өнімдері, дайын азық-түлік тауарлар – 13,3%, металлдар және олардан жасалған бұйымдар – 10,3%, тастан, гипстен, цементтен жасалған бұйымдар, шыны және одан жасалған бұйымдары – 4,4%, ағаш материалдар және целлюлозды қағаз бұйымдары – 4,5%, минералды өнімдер – 2,5% әкелінді.
 
Қызылорда облысының ЕАЭО мүше мемлекеттермен өзара тауарлар саудасы
мың АҚШ доллары

 

2019 жылғықаңтар-тамыз

2018 жылғықаңтар-тамыз

%

Барлығы

69 411,5

68 546,5

101,3

экспорт

36 256,7

19 076,4

1,9 есе

Ресей

34 253,3

16 908,1

2 есе

Беларусь

251,8

301,5

83,5

Кырғызстан

1 751,6

1 866,7

93,8

импорт

33 154,8

49 470,1

67,0

Ресей

31 779,2

48 420,6

65,6

Беларусь

921,6

878,3

104,9

Кырғызстан

454,0

171,2

2,7 есе

 

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика