Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

 

Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының 2017 жылы атқарылған жұмыстары  және алдағы міндеттері

Облыста дене шынықтыру мен спортты дамытудың негізгі көрсеткіші ол – тұрақты дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылар санын ұлғайту болып табылады. Есепті кезеңде дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар қатары 27,1 пайызға көтеріліп, 211 271 адамға жетіп отыр. Бұқаралық спортты одан әрі дамыту үшін бүгінгі таңда мемлекеттік - әлеуметтік тапсырыс шеңберінде бюджеттен 113,7 млн. теңге бөлініп, 282 спорт нұсқаушысы 138 елді мекенді қамтып, 41 040 мың адамды тұрақты дене шынықтырумен шұғылдануға баулып келеді. Бұқаралық спортты дамытудың негізгі жолы – жарыстарды көптеп өткізіп, халықты спортқа тарту. Осы мақсатта облыс аумағында 1571 бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізіліп, оған 450 200 адам қатысты. Елбасы Жолдауын жүзеге асыру мақсатында 2020 жылға қарай спортпен тұрақты шұғылданушыларды 30 пайызға жеткізу жоспарланған. Биыл облыстық бюджеттен 7 елді мекенде,атап айтсақ Жанқожа батыр, Мәдениет, Ақжарма, Еңбекші, Түгіскен ауылдарында және Сексеуіл, Төретам кенттеріндеспорт кешендерінің құрылыстарын бастауға биыл500,0 млн.теңге қаржы бөлініп жұмыстар толығымен жүзеге асты, құрылыс жұмыстарын толық аяқтау үшін 2018 жылы 1293,8 млрд.теңге қаржы қаралды.  Сондай-ақ, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептер желісін ұлғайту және шұғылданушылар санын арттыру барысында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында үстіміздегі жылы Қызылорда қаласы Мерей мөлтек ауданында дене шынықтыру-сауықтыру  кешенін жалға беру жобасы іске қосылып, жоба аясында 1200-ге тарта баланы спортпен қамту жүзеге асырылды. Бұдан әрі, Шиелі ауданы Ақмая және Алғабас ауылдарынан дене-шынықтыру сауықтыру кешенін жалға алу жобалары іске қосылды. Жоғарғы білікті спортшылар және спорт резервін әзірлеу бағытында Олимпиада резервін даярлау орталығы, спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты, облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебі және 21 балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері жұмыс жүргізуде. Cпорт мектептерінде 18070 оқушы 35 спорт түрімен шұғылданады. Есепті кезеңде облыс спортшылары республикалық және халықаралық жарыстарға қатысып, келесі нәтижелерге қол жеткізді: ҚР чемпионаттарында 797 медальдарды (204 – алтын, 248 – күміс, 345 – қола) жеңіп алды. (2016 ж. – 695 медаль). Азия және Әлем чемпионаттарында - 92 медальдарды (28 - алтын, 27 - күміс, 37 - қола) иеленді. (2016 ж. – 47 медаль). 2 – ҚР-ның еңбек сіңірген спорт шебері, 6 –халықаралық дәрежедегі спорт шебері», 50 –спорт шебері», 899 –спорт шеберіне үміткерлер  мен  І разрядты спортшылар дайындалды. Спорт түрлері бойынша 420 облыс спортшылары Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасының сапына енді. Жылдың басты жетістігі – мәнерлеп сырғанаудан Элизабет Тұрсынбаеваның VІІІ қысқы Азия ойындарында қола медальді иеленді. Сондай-ақ,  шахматтан оқушылар арасында Әсел Серікбай  2 дүркін Әлем чемпионы атанса, тоғызқұмалақтан Хәкімжан Елеусінов 3 дүркін Әлем чемпионы атанды. Бокстан Қамшыбек Қоңқабаев Әлем чемпионатының күміс жүлдесін иеленсе, қазақ күресінен Еламан Ерғалиев Қазақстан Барысы атағын жеңіп алды. Сонымен қатар, Ақтөбе қаласында өткен ҚР VI «Ақ бидай» ауыл спорт ойындарында облыстың құрама командасы спорттың  14 түрінен қатысып, жалпыкомандалық есепте 3-орынды иеленді.(2009 ж. – 11 орын, 2013 ж. – 9 орын). 1 желтоқсан ҚР Тұңғыш Президент күніне орай «Бір Отан! Бір тағдыр! Бір Елбасы!»атты бірінші мәрте ұйымдастырылған шараға 1000-нанаса спортшылар гимнастикалық жаттығулар жасап, салауатты өмір салтын қалыптастыруға үлгі болды. Жастардың салауатты өмір салтын ұстануға, бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында  үш ай бойы әр жексенбі сайынқала тұрғындары арасында бұқаралық веломарафон  өткізілді. Бұл шара келесі жылы да жалғасын табады. ҚР  Конституция күніне орай  3000 –нан аса қала тұрғындарының қатысуымен жеңілатлетикалық жүгіру жарысы ұйымдастырылды. Сондай-ақ, «Қайсар» футбол клубы биылғы маусымды сәтті аяқтап,  Қазақстан чемпионатының Премьер-Лигасында 6-орынды иеленді. Сондай –ақ, Ұлттық Олимпиада комитеті  мен ҚР күрес федерациясы бірлесіп, аймақтарда күрес спортын дамыту мақсатында 15 күрес кілемін сыйға берді. Бесеуін жыл соңына дейін берсе, қалған онын келесі жылы беретін болды. Басқармаға 2017 жылы бюджеттік бағдарламалар бойынша 5 805,9 млн. теңге қаржы бөлінген, жыл соңына дейін 100 пайызға игеріледі.

2018 жылы  басқарма тарапынан атқарылатын бірқатар маңызды міндеттерді жүзеге асыру жоспарда тұр. Олардың қатарында:

- жүйелі дене шынықтырумен айналысушылар санын 28% жеткізуге жұмыс жасау;

- Қысқы Олимпиада ойындарына (1), жазғы Азия ойындарына (18), жазғы жасөспірімдер Олимпиада ойындарына (3);

- Спорт түрлерінен республикалық халық ойындарына, ҚР чемпионаттарына спортшылардың дайындығы мен қатысуын қамтамасыз ету;

- Орталық стадионның қайта жаңғырту жұмыстарын аяқтап іске қосу;

- «Қайсар» футбол клубының Премьер Лига чемпионатында үздік төрттікті иеленуге жұмыс жасау. 


Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының 2016 жылы атқарылған жұмыстары және 2017 жылға міндеттері

Бұқаралық спорт саласының басым бағыты, ол облыс тұрғындарын, оның ішінде жастардың дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар санын арттыру болып табылады. Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына Жолдауында тұрғындардың дене шынықтыру және спортпен шұғылдануы үшін спорт нысандарына қол жетімділігін арттыру және 2020 жылға дейін 30 % бұқаралық спортқа тарту тапсырмасы берілген болатын. 2016 жылы дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар саны 203 594 адамға (2015 ж. - 192 885) артып, облыс тұрғындарының 26,4 % (2015 ж. - 25,3) құрады. Тұрғындарды тұрақты дене шынықтыру мен спортқа тарту мақсатында мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа бюджеттен 106 млн.теңге бөлініп, 41 мың адам спортпен шұғылдануға мүмкіндік алды. Бұл мақсатқа жету барысында, басқарма ауыл спортшылары арасында  «Алтын күз» спартакиадасы (қатысушылар саны – 900 адам)  ұлттық спорт түрлерін дамыту барысында қазақ күресінен «Алтын белбеу» және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында футболдан 3 жас ерекшеліктері бойынша 33 мың оқушының қатысуымен  «Былғары доп»  турнирі өткізілді. Жыл сайын мемлекеттік қызметшілер арасында 15 спорт түрінен (800 адам қатысады) облыс әкімінің жүлдесіне арналған дәстүрлі спартакиаданы үстіміздегі жылы 25-ші  рет өткізіп 5000 оқушының қатысуымен төменгі және жоғарғы сынып оқушылары арасында (ауылдық, аудандық және облыстық кезең)  «Нашақорлыққа жол-ЖОҚ» Бәріңде жарысқа» көңілді эстафета  сайысы дәстүрлі ұйымдастырылды. Отбасылық сайыстар ұйымдастырылып, 382 жанұя мүшелерінің қатысуымен, Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Отбасым-бақыт мекенім» ұранымен өтті. Сондай ақ, футболдан «Студенттер лигасы» және шағын-футбол лигасын тұрақты өткізіп, 600 студенттің қатысуымен маусымдық чемпионат өтті. Дария жағасында ашылған  вело және жүгіру жолын (12 шақырым) тиімді пайдалануда, жол  тұрғындардың тұрақты спортпен шұғылдануларына ыңғайлы жасалынған. Бұл жолда, қазіргі күні 100-ге жуық әуесқой жүгірушілер клубының мүшелері, спорт мектебінің спортшылары кросстық дайындық жасауда. Жүгірушілерді қолдау нәтижесінде, ұзақ қашықтыққа жүгіретін марафоншылар қатары толықты, биыл Алматы қаласында V-ші рет өткен халықаралық «Алматы марафонына» 8 спортшы қатысты. Веложарыстар ұйымдастырудың нәтижесінде жыл санап велосипедпен жүрушілер көбейіп келеді,  мәселен, «Қала күнін» мерекелеу шарасына, 500 велошабандозбен, 800 жүгірушілер қатысты. Қоғамдық негізде Қазалы ауданының (Р.Есбергенов) тумасы өз ауылында құрамында 140 адамы бар әуесқой  велосипедшілер тобын ашып, олардың қатысуымен облыстық жарыстар ұйымдастырылуда. Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында осы жылы 1565 (2015 ж. - 1551) бұқаралық-спорттық шаралар өткізіліп, 444 558 (2015 ж. – 443 мың) адам қатысты. Жоғарғы білікті спортшылар және спорт резервін әзірлеу бағытында облыста Олимпиада резервін даярлау орталығы, спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты, облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебі және 21 балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері жұмыс жүргізуде. Cпорт мектептерінде 16 792 оқушы 32 спорт түрімен шұғылданады. Биылғы жылдың басты жаңалығы Норвегияда (Лиллехаммер қ.) өткен Қысқы жасөспірімдер Олимпиада ойындарында мәнерлеп сырғанаудан Элизабет Тұрсынбаева қола және ересектер арасында Рио Олимпиадасында ауыр атлетикадан Александр Зайчиков қола жүлдегер атанды. 2016 жылы республикалық және халықаралық жарыстарға қатысып, ҚР Чемпионаттарында 203 – алтын (2015 ж. - 165), 203 – күміс (2015 ж. - 138), 289 – қола (2015 ж. - 221) медальдарды жеңіп алса, Әлем, Азия чемпионаттарында 17 – алтын (2015 ж. - 23), 13 – күміс (2015 ж. - 11), 17 - қола (2015 ж. - 19) медальдарға қол жеткізді. Сонымен қатар, 1 - ҚР еңбек сiңiрген спорт шеберi, 8 – ҚР халықаралық дәрежедегi спорт шеберi (2015 ж. - 12), 75 ҚР спорт шебері (2015 ж. - 35), 3 - ҚР еңбек сiңiрген жаттықтырушысы (2015 ж. - 3), 639 – ҚР спорт шеберіне үміткер спортшылар дайындалып, Еліміздің Ұлттық құрама командасына спорт түрлерінен облыстың 395 спортшысы енді. Биыл облыста 13 ҚР Чемпионаттары (велоспорт, шахмат, отырып ойнау волейболы, су асты балық аулау, аударыспақ, көкпар, жаңба ату, теңге ілу, шайбалы хоккей, қазақ күресі, гандбол, дзюдо, ауыр атлетика) ұйымдастырылды. Оның ішінде: гандболдан әйелдер арасындағы клубтар лигасының 1-ші Азия чемпионатында «Қайсар» гандбол клубы жеңімпаз атанса, Алматы қаласында өткен дзюдодан Конфедерация кубогында облыс құрама командасы 3-орынды иеленді. Қызылорда қаласында дзюдодан Қазақстан Чемпионаты мен Кубогы өткізіліп, облыс құрама командасы кубокты жеңіп алса, ауыр атлетикадан Қазақстан Кубогында ерлер құрамасы 1-орынды, қыздар құрамасы 2-орынды иеленді. Сонымен қатар,  «Қайсар» футбол клубы Премьер-лигаға жолдама алды. Биыл Орталық стадионның қосалқы футбол алаңына қайта жаңғырту жұмыстары басталды. Сондай-ақ, облыста қысқы спорт түрлерін дамыту мақсатында шорт-трек бөлімшесі ашылып, қазіргі таңда 42 бала шұғылдануда. 

Алдағы міндеттер:

- 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсияданың Алау эстафетасын ұйымдастырып өткізу;

- облыс бойынша дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылар санын арттыру;

- спорт түрлерінен облыс құрама командаларын Қазақстан Республикасының чемпионаттары, кубоктері және халықаралық жарыстарға дайындығын мен қатысуын қамтамасыз ету;

- Премьер Лига чемпионатына және Қазақстан Республикасы Кубогіне «Қайсар» футбол клубының  дайындығына және қатысуына ықпал ету;

- спорт түрлерінен облыс құрама командаларын Қазақстан Республикасының ІV жазғы Жастар ойындарына дайындығын және қатысуын қамтамасыз ету;

- Қазақстан Республикасының V-ші мүгедек спортшылар арасындағы Спартакиадаға облыс құрама командаларының дайындығын және қатысуын қамтамасыз ету;

- спорт түрлерінен облыс құрама командаларын Қазақстан Республикасының VІ-ші «Ақ бидай» ауыл ойындарына дайындығын және қатысуын қамтамасыз ету;

- Қызылорда облысы Шиелі (Еңбекші), Қазалы (Жаңқожа батыр), Арал (Сексеуіл), Қармақшы (Төретам), Жалағаш (Мәдениет), Сырдария (Ақжарма), Жаңақорған (Түгіскен) аудандарында спорттық-сауықтыру кешендері құрылысы жұмыстарын бастау;

 

- Қызылорда қаласындағы Орталық стадионның қосалқы футбол алаңын қайта жаңғырту жұмыстарын аяқтау.


 

Қызылорда облысының  дене шынықтыру және спорт басқармасының 2016 жылға арналған жұмыс жоспары Көшіріп алу...18Кб


Қызылорда облысының  дене шынықтыру және спорт басқармасының 2015 жылға арналған жұмыс жоспары Көшіріп алу...17Кб


Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының 2015 жылы  атқарылған жұмыстары

Жоғарғы білікті спортшылар және спорт резервін әзірлеу бағытында Олимпиада резервін даярлау орталығы, спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты, облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебі және 21 балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері жұмыс жүргізуде. Cпорт мектептерінде 15 996 оқушы 31 спорт түрімен шұғылданады.  Жыл басынан, спорт түрлерінен жоғары білікті спортшылар дайындау үшін 227 оқу-жаттығу жиындары өткізіліп, оған 2417 спортшы және 278 халықаралық, республикалық жарыстарға 2468 облыс спортшылары қатысты. 2015 жылы облыс спортшылары республикалық және халықаралық жарыстарға қатысып төмендегідей нәтижелерге қол жеткізді: ҚР чемпионаттарында 165 – алтын, 138 – күміс, 221 – қола медальдарды жеңіп алса, Әлем және Азия чемпионаттарында 23 – алтын, 11-күміс, 19 қола медальдарға қол жеткізді. 1 – Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы, 12 спортшы - «ҚР-ның халықаралық дәрежедегі спорт шебері», 35 спортшы – «ҚР-ның спорт шебері», 324 спортшы – «Спорт шеберлігіне үміткер». Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасына 306 облыс спортшылары енді. Жоғарғы білікті спортшылар және спорт резервін әзірлеу бағытындағы спорт түрлерінен 10 – ҚР чемпионаты гандболдан және таеквондодан ҚР IV жазғы спартакиадасы  және   2 халықаралық, 19 республикалық турнирлер ұйымдастырылып өткізілді. Облыс бойынша дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылар саны - 192 885 адам, жалпы тұрғындар үлесінің 25,3 пайызын құрайды. Облыста бұқаралық спортты жандандыру, спорттық бұқаралық қозғалысты ұйымдастыру үшін облыстық бюджеттен  106,3 млн.теңге бөлініп, 263 спорт нұсқаушы 133 елді мекенді қамтып, 41 040 мың адамды  тұрақты дене шынықтырумен шұғылдануға баулып келеді. Бұқаралық спортты дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 2015 жылы 1551 спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізіліп, оған 443 248 адам қатысты. Кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау қылмыстылықтың алдын-алу мақсатында 290 іс-шара өткізіліп, оған 40 357  жасөспірімдер қатыстырылды. Ұлттық спорт түрлері бойынша 179 іс-шара өтіп, оған 34 356 спортшы қатысты. Жасөспірімдердің арасында ауқымды іс-шаралары болып табылатын «Бәріңде жарысқа»  «Нашақорлыққа-жол жоқ» атты көңілді старттарын өткізу дәстүрлі түрде өтіп, оған 1-11 сынып оқушылары жарыс жолына түсті. Аталған шара, үш кезеңнен ауылдық, аудандық, қалалық және облыстық кезеңдерінен өтіп, барлығы 7000-ға жуық жасөспірімдер тартылды. 2-7 сәуір аралығында  Қызылорда қаласында «Петро Қазақстан Кұмкөл Ресорсиз» АҚ-ң жүлдесіне арналған баскетболдан жалпы білім беретін мектеп оқушылары  арасында дәстүрлі облыстық ашық турнир өтті. Қызылорда облысының  дене шынықтыру және спорт басқармасының 2015 жылғы бюджеттік бағдарламалардың төлемдері бойынша жоспарланған қаржы 4 093 055,0 мың теңгені құрайды. Оның ішінде игерілген қаржы 4 091 643,0  мың теңге, 99,9 пайызға орындалды. Қызылорда облысының  дене шынықтыру және спорт басқармасының 2015 жылы жалақыға және коммуналдық төлемдерге қарыздар қалыптаспаған. 2015 жылы басқармаға жеке және заңды тұлғалардан барлығы 40 арыз келіп түсті, оның ішінде жеке тұлғалардан - 30 өтініш келіп түссе, заңды тұлғалардан – 10 өтініш түскен. Веб – портал арқылы келіп түскен өтініштер саны - 7. Барлық түскен өтініштер қаралып, өз мерзімінде орындалып, өтініш иелеріне жауап жолданды. 2015 жылы басқармада кіріс құжат саны – 3719, оның ішінде қазақша – 3087, орысша – 632. Шығыс құжаттар саны- 3595.


Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының 

2015 жылғы 9 айында атқарылған жұмыстар

Жоғарғы білікті спортшылар және спорт резервін әзірлеу бағытында Олимпиада резервін даярлау орталығы, спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты, облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебі және 21 балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері жұмыс жүргізуде. Cпорт мектептерінде 14212 оқушы 30 спорт түрімен шұғылданады.   Жыл басынан, спорт түрлерінен жоғары білікті спортшылар дайындау үшін 213 оқу-жаттығу жиындары өткізіліп, оған 2243 спортшы және 264 халықаралық, республикалық жарыстарға 2317 облыс спортшылары қатысты. 2015 жылдың 9 айында облыс спортшылары республикалық және халықаралық жарыстарға қатысып төмендегідей нәтижелерге қол жеткізді: ҚР чемпионаттарында 117 – алтын, 88 – күміс, 164 – қола медальдарды жеңіп алса, Әлем және Азия чемпионаттарында 15 – алтын, 4-күміс, 10 қола медальдарға қол жеткізді. 1 – Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы, 8 спортшы - «ҚР-ның халықаралық дәрежедегі спорт шебері», 20 спортшы – «ҚР-ның спорт шебері», 180 спортшы – «Спорт шеберлігіне үміткер».Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасына 306 облыс спортшылары енді. Жоғарғы білікті спортшылар және спорт резервін әзірлеу бағытындағы спорт түрлерінен 6 – ҚР чемпионаты (қазақ күресі, шахмат, бокс, велоспорт, футбол, кикбоксинг), гандболдан ҚР IV жазғы спартакиадасы  және   1 халықаралық, 18 республикалық турнирлер ұйымдастырылып өткізілді. Облыс бойынша дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылар саны-184229 адам, жалпы тұрғындар үлесінің 24,5 пайызын құрайды. Облыста бұқаралық спортты жандандыру, спорттық бұқаралық қозғалысты ұйымдастыру үшін облыстық бюджеттен  106,3 млн.теңге бөлініп, 274 спорт нұсқаушы 136 елді мекенді қамтып, 41 040 мың адамды  тұрақты дене шынықтырумен шұғылдануға баулып келеді. Бұқаралық спортты дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында үстіміздегі жылдың 9 айында 1208 спорттық-бұқаралық  іс-шаралар өткізіліп, оған 307 108 адам қатысты. Кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау қылмыстылықтың алдын-алу мақсатында 235 іс-шара өткізіліп, оған 31 836  жасөспірімдер қатыстырылды. Ұлттық спорт түрлері бойынша  165 іс-шара өтіп, оған 29 315 спортшы қатысты. Жасөспірімдердің арасында ауқымды іс-шаралары болып табылатын «Бәріңде жарысқа»  «Нашақорлыққа-жол жоқ» атты көңілді старттарын өткізу дәстүрлі түрде өтіп, оған 1-11 сынып оқушылары жарыс жолына түсті. Аталған шара, үш кезеңнен ауылдық, аудандық, қалалық және облыстық кезеңдерінен өтіп, барлығы 7000-ға жуық жасөспірімдер тартылды. 2-7 сәуір аралығында  Қызылорда қаласында «Петро Қазақстан Кұмкөл Ресорсиз» АҚ-ң жүлдесіне арналған баскетболдан жалпы білім беретін мектеп оқушылары  арасында дәстүрлі облыстық ашық турнир өтті. Қызылорда облысының  дене шынықтыру және спорт басқармасының 2015 жылдың 9 айына бюджеттік бағдарламалардың төлемдері бойынша жоспарланған қаржы 3 159 355,0 мың теңгені құрайды. Оның ішінде игерілген қаржы 3 154 343,0  мың теңге, 99,8 пайызға орындалды. Қызылорда облысының  дене шынықтыру және спорт басқармасының 2015 жылдың 9 айына жалақыға және коммуналдық төлемдерге қарыздар қалыптаспаған. 2015 жылдың 9 айында басқармаға жеке және заңды тұлғалардан барлығы 32 арыз келіп түсті, оның ішінде жеке тұлғалардан - 23 өтініш келіп түссе, заңды тұлғалардан – 9 өтініш түскен. Веб – портал арқылы келіп түскен өтініштер саны - 5. Барлық түскен өтініштер қаралып, өз мерзімінде орындалып, өтініш иелеріне жауап жолданды. 2015 жылдың 9 айында басқармада кіріс құжат саны – 2879, оның ішінде қазақша – 2159, орысша – 623. Шығыс құжаттар саны- 2689.


Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының

2015 жылғы 6 айында атқарылған жұмыстар

Жоғарғы білікті спортшылар және спорт резервін әзірлеу бағытында Олимпиада резервін даярлау орталығы, спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты, облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебі және 21 балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері жұмыс жүргізуде. Cпорт мектептерінде 14212 оқушы 30 спорт түрімен шұғылданады. Жыл басынан, спорт түрлерінен жоғары білікті спортшылар дайындау үшін 127 оқу-жаттығу жиындары өткізіліп, оған 1418 спортшы және 176 халықаралық, республикалық жарыстарға 1618 облыс спортшылары қатысты. 2015 жылдың 6 айында облыс спортшылары республикалық және халықаралық жарыстарға қатысып төмендегідей нәтижелерге қол жеткізді: ҚР чемпионаттарында 81 – алтын, 60 – күміс, 121 – қола медальдарды жеңіп алса, Әлем және Азия чемпионаттарында 12 – алтын, 1-күміс, 7 қола медальдарға қол жеткізді. 1 – Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы, 7 спортшы - «ҚР-ның халықаралық дәрежедегі спорт шебері», 14 спортшы – «ҚР-ның спорт шебері», 30 спортшы – «Спорт шеберлігіне үміткер», 3 спортшы «І-ші дәреже» атақтарына ие болды. Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасына 306 облыс спортшылары енді. Жоғарғы білікті спортшылар және спорт резервін әзірлеу бағытындағы спорт түрлерінен 6 – ҚР чемпионаты (қазақ күресі, шахмат, бокс, велоспорт, футбол, кикбоксинг), гандболдан ҚР IV жазғы спартакиадасы  және   1 халықаралық, 17 республикалық турнирлер ұйымдастырылып өткізілді. Облыс бойынша дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылар саны-184229 адам, жалпы тұрғындар үлесінің 24,5 пайызын құрайды. Облыста бұқаралық спортты жандандыру, спорттық бұқаралық қозғалысты ұйымдастыру үшін облыстық бюджеттен  106,3 млн.теңге бөлініп, 270 спорт нұсқаушы 133 елді мекенді қамтып, 41 040 мың адамды  тұрақты дене шынықтырумен шұғылдануға баулып келеді. Бұқаралық спортты дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында үстіміздегі жылдың 6 айында 759 спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізіліп, оған 182 205 адам қатысты. Кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау қылмыстылықтың алдын-алу мақсатында 189 іс-шара өткізіліп, оған 28 810  жасөспірімдер қатыстырылды. Ұлттық спорт түрлері бойынша  151 іс-шара өтіп, оған 27 321 спортшы қатысты. Жасөспірімдердің арасында ауқымды іс-шаралары болып табылатын «Бәріңде жарысқа»  «Нашақорлыққа-жол жоқ» атты көңілді старттарын өткізу дәстүрлі түрде өтіп, оған 1-11 сынып оқушылары жарыс жолына түсті. Аталған шара, үш кезеңнен ауылдық, аудандық, қалалық және облыстық кезеңдерінен өтіп, барлығы 7000-ға жуық жасөспірімдер тартылды. 2-7 сәуір аралығында  Қызылорда қаласында «Петро Қазақстан Кұмкөл Ресорсиз» АҚ-ң жүлдесіне арналған баскетболдан жалпы білім беретін мектеп оқушылары  арасында дәстүрлі облыстық ашық турнир өтті. Қызылорда облысының  дене шынықтыру және спорт басқармасының 2015 жылдың 6 айына бюджеттік бағдарламалардың төлемдері бойынша жоспарланған қаржы 2 052 179,0 мың теңгені құрайды. Оның ішінде игерілген қаржы 2 051041  мың теңге, 99,9 пайызға орындалды. Қызылорда облысының  дене шынықтыру және спорт басқармасының 2015 жылдың 6 айына жалақыға және коммуналдық төлемдерге қарыздар қалыптаспаған. 2015 жылдың 6 айында басқармаға жеке және заңды тұлғалардан барлығы 24 арыз келіп түсті, оның ішінде жеке тұлғалардан - 16 өтініш келіп түссе, заңды тұлғалардан – 8 өтініш түскен. Веб – портал арқылы келіп түскен өтініштер саны - 2. Барлық түскен өтініштер қаралып, өз мерзімінде орындалып, өтініш иелеріне жауап жолданды. 2015 жылдың 6 айында басқармада кіріс құжат саны – 1973, оның ішінде қазақша – 1906, орысша – 47. Шығыс құжаттар саны- 1973.


Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының

2015 жылғы І-ші тоқсандағы атқарылған жұмыстар

Жоғарғы білікті спортшылар және спорт резервін әзірлеу бағытында Олимпиада резервін даярлау орталығы, спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты, облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебі және 21 балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері жұмыс жүргізуде. Cпорт мектептерінде 14212 оқушы 30 спорт түрімен шұғылданады.  

Жыл басынан, спорт түрлерінен жоғары білікті спортшылар дайындау үшін 67 оқу-жаттығу жиындары өткізіліп, оған 854 спортшы және 73 халықаралық, республикалық жарыстарға 712 облыс спортшылары қатысты.

2015 жылдың І-ші тоқсанында облыс спортшылары республикалық және халықаралық жарыстарға қатысып төмендегідей нәтижелерге қол жеткізді: ҚР чемпионаттарында 51 – алтын, 37 – күміс, 72 – қола медальдарды жеңіп алса, Азия чемпионаттарында 1 – алтын медальдарға қол жеткізді.

1 – Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы,6 спортшы - «ҚР-ның халықаралық дәрежедегі спорт шебері», 6 спортшы – «ҚР-ның спорт шебері», 29 спортшы – «Спорт шеберлігіне үміткер»,3 спортшы «І-ші дәреже» атақтарына ие болды. 

Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасына 306 облыс спортшылары енді.

Жоғарғы білікті спортшылар және спорт резервін әзірлеу бағытындағы спорт түрлерінен 2 – ҚР чемпионаты (қазақ күресі, шахмат) және 6 республикалық турнирлер, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері арасында 12 облыстық біріншіліктер ұйымдастырылып өткізілді.

Облыс бойынша дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылар саны-184229 адам, жалпы тұрғындар үлесінің 24,5 пайызын құрайды.Облыста бұқаралық спортты жандандыру, спорттық бұқаралық қозғалысты ұйымдастыру үшін облыстық бюджеттен  106,3 млн.теңге бөлініп, 270 спорт нұсқаушы 133 елді мекенді қамтып, 41 040 мың адамды  тұрақты дене шынықтырумен шұғылдануға баулып келеді.

Бұқаралық спортты дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында үстіміздегі жылдың 3 айында 345 спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізіліп, оған 36 207 адам қатысты.

Кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау қылмыстылықтың алдын-алу мақсатында 119 іс-шара өткізіліп, оған 16 787  жасөспірімдер қатыстырылды.

Ұлттық спорт түрлері бойынша  131 іс-шара өтіп, оған 21354 спортшы қатысты.

Жасөспірімдердің арасында ауқымды іс-шаралары болып табылатын «Бәріңде жарысқа»  «Нашақорлыққа-жол жоқ» атты көңілді старттарын өткізу дәстүрлі түрде өтіп, оған 1-11 сынып оқушылары жарыс жолына түсті. Аталған шара, үш кезеңнен ауылдық, аудандық, қалалық және облыстық кезеңдерінен өтіп, барлығы 7000-ға жуық жасөспірімдер тартылды.

2-7 сәуір аралығында  Қызылорда қаласында «Петро Қазақстан Кұмкөл Ресорсиз» АҚ-ң жүлдесіне арналған баскетболдан жалпы білім беретін мектеп оқушылары  арасында дәстүрлі облыстық ашық турнир өтті.

Қызылорда облысының  дене шынықтыру және спорт басқармасының 2015 жылдың І тоқсанына бюджеттік бағдарламалардың төлемдері бойынша жоспарланған қаржы 1 023 000,0 мың теңгені құрайды. Оның ішінде игерілген қаржы 993 719,0  мың теңге, 97,1 пайызға орындалды.

285  001 015 «Жергілікті деңгейде дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бағдарламасы бойынша І тоқсанға 49 914,0 мың теңге қаралған. Игерілген қаржы 49 604,6 мың теңге 99,4 пайызға орындалды.

285 002 015 «Облыстық деңгейінде спорт жарыстарын өткізу» бағдарламасы бойынша 12 913,0 мың теңге қаралған. Игерілген қаржысы  11 361,4 мың теңге  88,0 пайызға орындалды.

285 003 015 «Әртүрлі спорт түрлері бойынша облыстық құрама командаларының мүшелерін дайындау және олардың республикалық және халықаралық спорт жарыстарына қатысуы» бағдарламасы бойынша 446 054,0 мың теңге қаралған. Игерілген қаржы 446 054,0 мың теңге 100 пайызға орындалды.

285 006 015 «Балалар мен жасөспірімдерге спорт бойынша қосымша білім беру» бағдарламасы бойынша 366 812,0 мың теңге қаралған. Игерілген қаржы 339 392,5 мың теңге, 92,5 пайызға орындалды.

285 007 015 «Мамандандырылған білім беру ұйымдарында спорттағы дарынды балаларға жалпы білім беру» бағдарламасы бойынша 69 221,0 мың теңге қаралған. Игерілген қаржы 69 221,0 мың теңге, 100 пайызға орындалды.

Қызылорда облысының  дене шынықтыру және спорт басқармасының 2015 жылдың І тоқсанына жалақыға және коммуналдық төлемдерге қарыздар қалыптаспаған.


 

 

 

Құрылған күні: 30-03-2015 19:43
Жаңартылған күні: 10-01-2018 17:05

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика