Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына келесі мекен-жай бойынша хабарласуға болады:

Мекен-жайы

Электрондық пошта

Пошта индексі

Анықтама телефондары

Қызылорда қаласы, Ғ.Мұратбаев көшесі,3. 2-қабат, 3-бөлме қабылдау бөлмесі.

ufs@korda.gov.kz

120008

 Қабылдау бөлімі:

+7 (7242) 23 03 56

Факс: +7 (7242) 23 01 38

Жалпы ақпарат

«Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) облыстық бюджеттен қаржыландырылатын, облыста дене шынықтыру және спорт саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.

Функциялары:

1)жеке адамдардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалатын орындарда спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым жасайды;

2)аккредиттелген республикалық және (немесе) жергілікті спорт федерацияларымен бірлесіп, спорт түрлерi, оның ішінде ұлттық, техникалық және қолданбалы түрлері, бұқаралық спорт бойынша, сондай-ақ ардагер спортшылар арасында облыстық спорт жарыстарын өткiзедi;

3)спорт түрлерi бойынша облыстық құрама командаларды даярлауды және олардың республикалық және халықаралық спорттық жарыстарда өнер көрсетуiн қамтамасыз етедi;

4)тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытуды қамтамасыз етеді;

5)облыс аумағында дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiредi;

7)білім беру ұйымдарының спорт ғимараттарын сабақтан тыс және кешкі уақытта халық үшін спорт секцияларының жұмысын қамтамасыз ету және спорттық іс-шаралар өткізу мақсатында пайдалану жөнінде шаралар қолданады;

8)спортшыларға: Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат, 1-разрядты спортшы спорттық разрядтарын береді;

9)мынадай: бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты әдіскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты әдіскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы, бiрiншi санатты спорт төрешiсi біліктілік санаттарын береді;

10)аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорттық-бұқаралық iс-шаралардың бірыңғай өңірлік күнтiзбесін бекiтедi және оның iске асырылуын қамтамасыз етеді;

11)тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестiредi;

12)тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бірліктің аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысанда және мерзімдерде дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкiлеттi органға ұсынады;

13)жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеуді жүзеге асырады;

14)спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттар үшін спорт түрлері бойынша білім берудің үлгілік оқу бағдарламаларын іске асырады;

15)спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттардың үлгілік оқу жоспарларын келіседі;

16)аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорт түрлері бойынша облыстық құрама командаларының тізімдерін қалыптастырады және бекітеді;

17)«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерін тұрғын үймен қамтамасыз етеді;

18)дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша облыстық дене шынықтыру және спорт жөніндегі басқару органының бірінші басшысын лауазымға тағайындайды;

19)ресми дене шынықтыру және спорт іс-шараларын медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

20)дене шынықтыру және спорт іс-шараларын өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді;

21)дене шынықтыру және спорт бағытындағы қоғамдық бірлестіктер дене шынықтыру мен спортты насихаттауды жүргізеді, денсаулықтарын сақтау және нығайту, аурулардың алдын алу, жұмысқа қабілеттілік пен белсенді ұзақ өмір сүрудің жоғары деңгейіне, сондай-ақ ізгілік мұраттары мен спорт құндылықтарына қол жеткізу үшін дене шынықтыру компоненттерін практикалық пайдалануда халықтың білім деңгейін арттырады;

22)аккредиттелген жергілікті спорт федерациясы өткізетін спорттық жарыстар туралы ережелерді (регламенттерді) әзірлейді және оларды жергілікті уәкілетті органмен келіседі;

23)спорттағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаттарда спортшыларды даярлау білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады;

24)мүгедектерге дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану үшін спорт ғимараттарына баруға жағдай жасауды, арнайы спорттық мүкаммалды беруді қамтамасыз етеді;

25)мүгедектердің дене шынықтыру-спорт ұйымдарымен бірлесе отырып, спорт клубтарының, мектептерінің, секцияларының ашылуын қамтамасыз етеді, облыс деңгейінде спорттық іс-шаралар өткізуді, сондай-ақ оларды республикалық спорттық жарыстарға даярлауды және оларға қатысуын ұйымдастырады;

26)спорт клубтарын, мектептерін, секцияларын ашу, облыс деңгейінде спорттық іс-шараларды өткізу, ұлттық спорт түрлері бойынша республикалық, халықаралық спорттық жарыстарға спортшыларды даярлау және олардың қатысуы, тиісті инфрақұрылым жасау арқылы ұлттық спорт түрлерінің дамуын қамтамасыз етеді;

27)спорт түрлері бойынша спортшыларды ұстауға, қамтамасыз етуге, даярлауға және олардың спорттық іс-шараларға қатысуына, оның ішінде спорттық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге байланысты көрсетілетін қызметтерді сатып алу оларға қатысты Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындарда жүзеге асырылады.

28)жоғары дәрежелі спортшылар даярлауды дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган бекіткен спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) спортшыларын даярлаудың жеке жоспарларына сәйкес дене шынықтыру және спорт саласындағы қазақстандық және шетелдік мамандар, сондай-ақ дене шынықтыру-спорт ұйымдары жүзеге асырады;

29)Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының тестілерін орындау жөніндегі жұмысқа басшылық жасауды және оны бақылауды жүзеге асырады;

30)облыстық спорттық жарыстар жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша және аккредиттелген тиісті жергілікті спорт федерацияларымен келісу бойынша спорттық-бұқаралық іс-шаралардың өңірлік бірыңғай күнтізбесіне сәйкес өткізіледі;

31)облыстық спорттық жарыстардың ережелерін (регламенттерін) аккредиттелген жергілікті спорт федерациялары әзірлейді және оны жергілікті атқарушы орган бекітеді;

32)жеке адамдар мен қатысушылардың қауiпсiздiк жағдайын қамтамасыз етудi күрделендiретiн спорт ғимараттарын пайдалану және өрт қауiпсiздiгi қағидалары талаптарының бұзушылықтары, оның iшiнде мiнбелердің тiреуiш конструкцияларының ескiруi, мiнбе астындағы үй-жайларда жанатын қауіпті заттар мен материалдардың болуы, авариялық жарық беру мен эвакуациялау жолдарының болмауы, өртке қарсы қорғану құралдарының болмауы немесе олардың ақаулы болуы бөлігінде, сондай-ақ өрттiң туындауына әкеп соғуы мүмкiн электр жабдығын монтаждау және пайдалану қағидаларын бұзушылықтар анықталған жағдайда, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы органдар енгiзетiн ұсыну бойынша жергiлiктi атқарушы органдар өз бетiнше не iшкi iстер органдарының бастамасы бойынша қауiпсiздiк жағдайларының анықталған бұзушылықтары жойылғанға дейiн спорттық жарыстарды өткiзуге тыйым салады;

33)аса көрнекті спортшыларға – «КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері», «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері», «КСРО-ның халықаралық дәрежедегі спорт шебері», «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері» атақтары бар, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кірген немесе кіретін олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлеріне, әлем чемпиондарына, олардың «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы» немесе «КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы» атақтары бар жаттықтырушыларына заңнамада белгіленген тәртіппен облыстық бюджеттен ай сайын ақшалай үлес төлейді;

34)спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамында ойнайтын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне заңнамада белгіленген тәртіппен облыстық бюджеттен ай сайын ақшалай үлес төлейді;

35)дене тәрбиесi мен спорт саласында балалар мүдделерiне орай орталық атқарушы орган айқындаған мемлекеттiк саясатты iске асыру жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асырады;

36)құқық бұзушылық жасауға итермелейтiн себептер мен жағдайларды жою жөнiнде шаралар қолданады;

37)азаматтардың құқықтық тәрбиесiн ұйымдастыруды қамтамасыз етедi;

38)мемлекеттiк орган жұмысының сапасы мен өнiмдiлiгiн арттыру мақсатында оның қызметiнiң бағыттары бойынша iшкi бақылауды жүзеге асырады;

39)өз құзыреті шеңберінде қызметтерi кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтары, қадағалаусыз және панасыз қалуы профилактикасының шараларын жүзеге асыруға байланысты балалар мен жастардың қоғамдық бiрлестiктерiне, әлеуметтiк мекемелерге, қорларға және өзге де мекемелер мен ұйымдарға жәрдемдеседi;

40)өз құзыреті шеңберінде кәмелетке толмағандардың демалысын, бос уақытын және еңбекпен қамтылуын ұйымдастыруға қатысады;

41)өз құзыреті шеңберінде кәмелетке толмағандардың заңға мойынсұнушылық мiнез-құлқын және салауатты өмiр салтын насихаттау мен қалыптастыру жөнiндегi қызметтi жүзеге асырады;

41-1)дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарын пайдалануды үйлестіреді;

41-2)спорт мектептеріне, спорт мектебінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» деген мәртебе береді;

41-3)халықаралық және республикалық деңгейдегі жарыстарды өткізуге арналған спорттық ғимараттарды жобалау үшін техникалық өзіндік ерекшеліктер мен техникалық тапсырманы республикалық аккредиттелген спорт федерацияларымен келіседі;

42)жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру жатады.

Құрылған күні: 30-03-2015 19:43
Жаңартылған күні: 08-01-2018 15:09

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика