2019 жылғы ІІ тоқсанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша құқықтық оқу туралы ақпарат

Құқықтық оқу тақырыбы және дәріскер

Өткен күні және орны

1

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы                 М. Ысқақовпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының және басқарма қарамағындағы ұйым қызметкерлерінің қатысуымен құқықтық оқыту өткізілді.

01.04.2019 ж. сағ. 17.00

«Мұз айдыны» спорт кешені

04.07.2019 ж.


2019 жылғы І тоқсанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

бойынша құқықтық оқу туралы ақпарат

Құқықтық оқу тақырыбы және дәріскер

Өткен күні және орны

1

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының және басқарма қарамағындағы ұйым қызметкерлерінің қатысуымен семинар өткізілді.

25.01.2019 ж. сағ. 10.00

«Мұз айдыны» спорт кешені

09.04.2019 ж.


2018 жылғы ІV тоқсанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

бойынша құқықтық оқу туралы ақпарат

Құқықтық оқу тақырыбы және дәріскер

Өткен күні және орны

1

«Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қорының директоры Ж. Тұсмағамбетовпен Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының және басқарма қарамағындағы ұйым қызметкерлерінің қатысуымен «Құқықтық сана және мәдениет» тақырыбында сұхбат алаңы өткізілді.

11.10.2018 ж. сағ. 10.00

«Мұз айдыны» спорт кешені

03.01.2019 ж.


2018 жылғы ІІІ тоқсанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

бойынша құқықтық оқу туралы ақпарат

Құқықтық оқу тақырыбы және дәріскер

Өткен күні және орны

1

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы Б. Ниязовпен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы             iс-қимыл туралы» ҚР Заңы бойынша Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының және басқарма қарамағындағы ұйым қызметкерлерінің қатысуымен құқықтық оқу өткізілді.

27.09.2018 ж. сағ. 17.00

«Мұз айдыны» спорт кешені

03.10.2018 ж.


Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау бойынша ақпарат

Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Жүргізілген ішкі талдау аясында басқарманың қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерге және құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағытында тексеру жұмыстары жүргізілді. Талдау нәтижесінде сыбайлас жемқорлық қаупін туғызатын мәліметтер анықталмады.


Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы 

стратегиясын іске асыру бойынша 2018 - 2020 жылдарға арналған Қызылорда облысының іс-шаралар жоспары

р/с№

Іс-шараның атауы

Аяқтау

нысаны

Орындауға

жауаптылар

Орындау

мерзімдері

  1.  

Заңнамалық актілерді:

1) жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға кезектіліктің бірыңғай тізілімін  енгізу;

2) жер участкелерінің нысаналы мақсаттарын өзгерту рәсімдерін  оңтайландыру бөлігінде жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу

ұсыныстар енгізу

«ҚО ӘА» ММ (жинақтау),

«ҚО ЖҚБ» ММ,

«ҚО ЖПҚББ» ММ,

аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері

 

2019 жылғы

2-тоқсан

  1.  

Әкімшілік кедергілерді, оның ішінде:

1) жеке және заңды тұлғаларға орынсыз сұратылатын құжаттарды, ақпаратты және басқа деректерді ұсыну міндеттемесін жүктеуді;

2) мемлекеттік қызметтерді тез арада ұсыну мүмкіндігі болған кезде оларды ұсыну мерзімдерінің ұзақтығын;

3) жеке және заңды тұлғаларға заңмен негізделмеген қосымша міндеттерді жүктеуді;

4) азаматтар мен ұйымдарға анықталмаған, қиын орындалатын талаптарды белгілеуді алып тастауға бағытталған қоғамдық тыңдаулар өткізу

қоғамдық тыңдаулар

 

 

«МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

(келісім бойынша, жинақтау), «Нұр Отан» партиясы

(келісім бойынша),

облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар, аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері

2019 жылғы

4-тоқсан

  1.  

Мыналарды:

1) лауазымды тұлғаға қандай да бір шешімді қабылдау шарттарын нақты анықтамастан шешімдердің екі немесе бірнеше нұсқасының (оң немесе теріс) арасынан таңдау құқығының берілуін;

2) лауазымды тұлғаға нормативтік құқықтық актінің орындалу тәсілін өз қалауы бойынша айқындау, сондай-ақ заңды деректі бағалау, ықпал ету шарасын таңдау және актілерді шығару мүмкіндігінің берілуін көздейтін дискрециялық өкілеттіктерге талдау жүргізу және оларды болдырмау бойынша ұсыныстар әзірлеу

ұсыныстар енгізу

 

 

«МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

 (келісім бойынша, жинақтау), облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар, аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері

жыл сайын,



20 желтоқсаннан кешіктірмей

  1.  

Мемлекеттік қызметтегі мүдделер қақтығысы және шектеулер мәселелері бойынша талаптардың сақталуына мониторинг жүргізу және кейіннен мүдделер қақтығысы мен этикалық бұзушылықтарды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және реттеу бойынша практикалық оқу құралдарын әзірлеу

практикалық оқу құралдары

«МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

 (келісім бойынша, жинақтау), облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар, аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері

жыл сайын,

20 желтоқсаннан кешіктірмей

  1.  

Жергілікті атқарушы органдардың жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі  консультативтiк-кеңесшi органдарының отырыстарында сыбайлас жемқорлыққа неғұрлым бейім салалардың (құқықтық статистика деректері және әлеуметтік зерттеулердің нәтижелері бойынша) жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларын тыңдау

сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі консультативтік-кеңесші органдар отырыстарының хаттамалары

«ҚО ӘА» ММ (жинақтау),

аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері

жыл сайын,

жарты жылда



1 рет

  1.  

Әдістемелік ұсынымдарды әзірлей отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылуына мониторинг жүргізу

әдістемелік ұсынымдар

«ҚО ІСБ» ММ (жинақтау),

аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері

 

2019 – 2020 жылдардағы

1-тоқсан

  1.  

Орта білім беру ұйымдары басшыларының оқушылардың ата-аналары ұжымының алдында, оның ішінде орта білім беру ұйымдарын ұстау үшін бюджеттен бөлінген қаржы қаражатының жұмсалуы жөнінде есеп беру кездесулерін өткізу

есеп беру кездесулері

«ҚО ББ» ММ (жинақтау), аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері

жыл сайын,

15 мамырдан кешіктірмей

  1.  

ҮЕҰ арасында қоғамдық бақылауды күшейтуге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру

мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру

«МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

 (келісім бойынша, жинақтау), «ҚО ІСБ» ММ,

аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері

жыл сайын,

15 мамырдан кешіктірмей

  1.  

Жастар ұйымдарын сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиенің оқу-тәрбие процесіне тарта және қоса отырып, жастар арасында  сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі жұмыс жоспарын бекіту

жұмыс жоспары

«ҚО ЖСМБ» ММ (жинақтау),

«МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

 (келісім бойынша), аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері

2018 жылғы

3-тоқсан

  1.  

Көрнекті ғалымдардың, мемлекеттік органдардың, саяси партиялардың, қоғамдастықтың басшылары мен өкілдерінің сөз сөйлеулерін көздей отырып, сондай-ақ олардың сыбайлас жемқорлық профилактикасы және оған қарсы күрес мәселелері бойынша брифингтерге, интернет-конференцияларға, телевизиялық бағдарламаларға және «тікелей желілерге» қатысуын қамтамасыз ете отырып, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру мақсатында БАҚ-та кең ақпараттық-насихаттау жұмысын ұйымдастыру

ақпараттық-насихаттау жұмысын ұйымдастыру жөніндегі жоспар,

БАҚ-та мақалалар, сұхбаттар жариялау, теле-, радиосюжеттерді эфирге шығару

«ҚО ІСБ» ММ (жинақтау),

 аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері, «МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

 (келісім бойынша),

«Нұр Отан» партиясы

(келісім бойынша)

 

2018 – 2020 жылдардағы

2-тоқсан

  1.  

«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының өңірлік слеттерін өткізу

өңірлік слеттер

«ҚО ББ» ММ (жинақтау), аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері, «МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

 (келісім бойынша)

2018 – 2020 жылдардағы

3-тоқсан

  1.  

БАҚ өкілдері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта үздік журналистік жарияланымдарға конкурс өткізу

конкурс

«ҚО ІСБ» ММ, «МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

 (келісім бойынша)

жыл сайын,



20 шілдеден кешіктірмей

  1.  

Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша әлеуметтік аудио-бейнероликтерді әзірлеуді көздеу және оны трансляциялауды қамтамасыз ету 

аудиоджинглдерді және

бейнероликтерді әзірлеу және трансляциялау

 

«ҚО ІСБ» ММ (жинақтау), аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері, «МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

 (келісім бойынша)

жыл сайын

  1.  

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік деңгейін айқындау бойынша әлеуметтанушылық зерттеулерді жүргізу

әлеуметтанушылық зерттеулер

 

«ҚО ІСБ» ММ (жинақтау), аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері

 

жыл сайын

  1.  

Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру бойынша 2018 - 2020 жылдарға арналған жоспарларын әзірлеу және бекіту

өңірлік жоспарлар

аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері

2018 жылдың

15 тамызынан кешіктірмей

  1.  

Арнайы мониторингтік тобының Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылуына сыртқы талдау және бағалау жүргізуін қамтамасыз ету

сыртқы талдау жүргізу

«МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

 (келісім бойынша, жинақтау), облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар, аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері

жыл қорытындысы бойынша жыл сайын,



15 ақпаннан кешіктірмей

  1.  

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша ішкі талдау жұмыстарын жүргізу және қорытындысын ұсыну

ішкі талдау жүргізу

«МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

(келісім бойынша, жинақтау), облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар, аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері

жарты жылда

бір рет,

есепті мерзімнен кейінгі айдың 10-на дейін ұсыну 

  1.  

«Адал жол-честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонын өткізу

марафон

аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері, «МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

 (келісім бойынша, жинақтау)

жыл сайын

наурыз-сәуір айлары 

  1.  

Облыстағы мемлекеттік арнаулы орта оқу орындарында цифрлық жүйесі негізінде оқу процесінің



сынақ-емтихан тапсыруды автоматтандыру

автоматтандыру бойынша цифрлық жүйе енгізу

«ҚО ББ» ММ,

«ҚО ЭБЖБМ» ММ

2018-2020 жылдар

  1.  

Жоғары және орта арнаулы оқу орындарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал бол» акцияларын өткізу

акция өткізу

«ҚО ББ» ММ,

«ҚО ЖСМБ» ММ,

аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері,

«МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

 (келісім бойынша, жинақтау)

жыл сайын

1 тоқсан

  1.  

Дүниежүзілік сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне (9 желтоқсан) орай форум өткізу 

форум өткізу

«ҚО ІСБ» ММ (жинақтау),

аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері, «МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

 (келісім бойынша)

жыл сайын

қараша айы

  1.  

«Protecting business and investments» сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу жобасы аясында шетелдік және отандық инвесторлардың жобаларына қолдау шараларын жүргізу

қолдау шараларын жүргізу

«ҚО КТБ» ММ (жинақтау),

«ҚО ИИДБ» ММ,

аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері, «МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

 (келісім бойынша)

тұрақты түрде

  1.  

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптарда оқу орындарында, кітапханаларда, мұражайларда кітаптар мен суреттер көрмелерін, балалардың театрландырылған қойылымдарын өткізу және бұрыштамалар орналастыру

көрмелер мен бұрыштамалар ұйымдастыру

«ҚО МАҚБ» ММ (жинақтау), «ҚО ББ» ММ,

аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері, «МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

(келісім бойынша)

тұрақты түрде тоқсан сайын

 

  1.  

Азаматтық бастамалардың облыстық Конгрессін өткізу

конгресс өткізу

«ҚО ІСБ» ММ, «МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

(келісім бойынша)

 жылына

 бір рет

  1.  

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша облыстық кәсіпкерлер форумын өткізу 

форум өткізу

«ҚО КТБ» ММ, «МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

 (келісім бойынша), «ҚО КП» (келісім бойынша)

жылына

 бір рет

  1.  

Сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстық құқық бұзушылықтарға жол берген тұлғаларды БАҚ беттерінде жариялап отыру  

жарияланымдар

«ҚО ІСБ» ММ, аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері, «ҚО ӘА» ММ (жинақтау),

тұрақты түрде

  1.  

Халық тарапынан сыртқы бағалауды алу және қоғам пікірін есепке алу мақсатында Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылу барысы туралы есептерді БАҚ-та, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның сайтында жариялау

жарияланымдар

«МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

(келісім бойынша, жинақтау), «ҚО ІСБ» ММ, аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері

жыл қорытындысы бойынша жыл сайын,

15 сәуірден кешіктірмей

  1.  

Еңбек шарттарын жасаспай қызметкерлердің еңбегін пайдаланатын жұмыс берушілерге шаралар қабылдаумен мониторинг жүргізу

отырыс

хаттамасы

«ҚО ЕСББ» ММ (жинақтау), «Нұр Отан» партиясы

(келісім бойынша),

«ҚО КТБ» ММ,

«ҚО ИИДБ» ММ,

аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері, «ҚО КП» (келісім бойынша)

жартыжылдық қорытындысы бойынша



20 қаңтар мен



20 шілдеден кешіктірмей

  1.  

Іс-шараларды жоспарлау мен іске асырудың барлық кезеңдерінде бюджетті қалыптастыруға қатысушыларды жауапкершілікке тарту мен жауапкершіліктің аражігін ажыратудың тиімді тетігін құру мәселесін пысықтау

ҚР ҰЭМ ақпарат

«ҚО ЭБЖБМ» ММ (жинақтау),

облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар, аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері

2018 жылғы



4-тоқсан

  1.  

Ірі сауда объектілерінің (дүкендердің, сауда үйлерінің) құрылысын инвестициялық артықшылықтар берілетін экономикалық қызметтің басым түрлерінің тізбесіне қосу мәселесін пысықтау

ҚР ҰЭМ ақпарат

«ҚО КТБ» ММ (жинақтау), «ҚО ҚСҚҚБ» ММ, аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері, «ҚО КП»

(келісім бойынша)

2018 жылғы

4-тоқсан

  1.  

Квазимемлекеттік сектордың ашықтығын арттыру мақсатында, оның ішінде тауарды немесе көрсетілетін қызметті егжей-тегжейлі сипаттай отырып, тендерді ұтып алған тұлға, баға туралы толық ақпаратты, сондай-ақ өндіруші туралы ақпаратты жариялау жолымен оның сатып алу тетігін жетілдіру

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-на ұсыныстар енгізу

«ҚО МСАБ» ММ (жинақтау), аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері, «Байқоңыр» ӘКК ҰҚ» АҚ, «ҚО КП» (келісім бойынша)

2018 жылғы



4-тоқсан

 

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

ҚР ҰЭМ

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі;

«МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі;

«Самұрық-Қазына»ҰАҚ» АҚ

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы;

«Нұр Отан» партиясы

«Нұр Отан» Партиясы» қоғамдық бірлестігі Қызылорда облыстық филиалы;

«ҚО КП»

Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы;

«Байқоңыр» ӘКК ҰҚ» АҚ

«Байқоңыр»  Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» ақционерлік қоғамы;

«ҚО ӘА» ММ

«Қызылорда облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

«ҚО ІСБ» ММ

«Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

«ҚО ББ» ММ

«Қызылорда облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

«ҚО КТБ» ММ

«Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

«ҚО ЭБЖБ» ММ

«Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

«ҚО МСАБ» ММ

«Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

«ҚО ИИДБ» ММ

«Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

«ҚО ҚСҚҚБ» ММ

«Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

«ҚО ЖҚБ» ММ

«Қызылорда облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

«ҚО ЖПҚББ» ММ

«Қызылорда облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

«ҚО ЕСББ» ММ

«Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

«ҚО МАҚБ» ММ

«Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

«ҚО ЖСМБ» ММ

«Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

ҮЕҰ

үкіметтік емес ұйымдар;

БАҚ

бұқаралық ақпарат құралдары.

 


2018 жылғы ІІ тоқсанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жарияланған мақала туралы ақпарат

Мақаланың авторы және атауы

Басылым (№, күні)

1

Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының әкімшілік бөлімінің басшысы Елжанова Г.С.

Атауы - «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру»

«Сыр спорты» газеті

15.06.2018 ж. № 7-8(86)

03.07.2018 ж.


«Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ мемлекеттік қызметшілерінің 2017 жылға тапсырган кiрiстерi мен мүлкi туралы декларация мәліметтері

Аты-жөні

Лауазымы

Декларация тапсырған уақыты

Салық

кезеңі

1

Акимов Олжас Азатович

Басшы

03.03.2018 ж.

2017 ж.

2

Оспанов Жаксылык Абдималикович

Басшы орынбасары

15.03.2018 ж.

3

Алтаева Әлия

Алмаханқызы

Бөлім басшысы

26.03.2018 ж.

4

Жуматов Серик Айдарбекович

Бөлім басшысы

29.03.2018 ж.

5

Сихымов Галым Битимбаевич

Бөлім басшысы

14.03.2018 ж.

6

Юн Павел

Викторович

Бөлім басшысы

23.02.2018 ж.

7

Елжанова Гүлнар

Серғалиқызы

Бөлім басшысы

15.03.2018 ж.

8

Табынбекова Самал

Табынбекқызы

Бас маман

15.03.2018 ж.

9

Кульбаева Женисгуль

Курмашевна

Бас маман

07.03.2018 ж.

10

Бегалиев Мәулен Жексенбайұлы

Бас маман

16.03.2018 ж.

11

Серімбетов Ардақ Асанханұлы

Бас маман

27.03.2018 ж.

05.04.2018 ж.


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша ақпарат

Ақпарат

1

15.11.2017 жылы Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының бөлім басшысы А. Қуандықтың қатысуымен «Мемлекеттік сатып алу: басқару тәсілдері және оны ұйымдастыру» тақыры бойынша семинар өтті. Қатысқан саны – 27.

09.01.2018 ж.


Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы жүргізген сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің нәтижесі

І. Кіріспе

1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мәні:

Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының дене шынықтыру және спорт саласындағы қызметі

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді:

«Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ

эл. пошта: ufs@korda.gov.kz, телефон: 8(7242)23-03-56

3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу кезеңі:

Басталды: 07.12.2017 ж.

Аяқталды: 08.12.2017 ж. 

4. Бақыланатын кезең: 2017 жылдың ІІ жартыжылдық қызметі.

ІІ. Ақпараттық-талдамалық бөлім

Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы облыс әкімдігінің 2013 жылғы 1 шілдедегі №176 қаулысымен қайта аталып, дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және дамыту мемлекеттік функцияларды жүзеге асырады. Басқармада 5 құрылымдық бөлімше: оқу-спорттық, бұқаралық спорт, қаржы және бухгалтерлік есеп, құқықтық жұмыстар және мемлекеттік сатып алу, әкімшілік бөлімдері жұмыс жасайды. Оқу-спорттық бөлімі спорт саласында спорт резервін дайындау, жоғары спорттық шеберлік жүйесін жетілдіру, Олимпиада Ойындары мен Қазақстан Республикасы Ұлттық құрама командасы бағдарламасына енгізілген спорт түрлерін дамытуды қадағалау, облыста облыстық, республикалық, халықаралық шараларды және оқу-жаттығу жиындарды әзірлеу, жоспарлау және өткізу, облыс құрама командаларының республикалық және халықаралық жарыстарға қатысуы бойынша жұмысты жүргізу сипаттағы функцияларды жүзеге асырады. Бұқаралық спорт бөлімі облыстық бұқаралық-спорттық іс-шаралар жоспарын әзірлеу және орындалуын бақылау сипаттағы функцияларды жүзеге асырады. Қаржы және бухгалтерлік есеп бөлімі басқарманың қаржы-шаруашылық, материалдық қамтамасыз ету сипаттағы функцияларды жүзеге асырады. Құқықтық жұмыстар және мемлекеттік сатып алу бөлімі құқықтық қамтамасыз ету, «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңына сәйкес мемлекеттік сатып алу жұмыстарын (жылдық жоспар, есептерін тапсыру) ұйымдастыру және өткізу сипаттағы функцияларды жүзеге асырады. Әкімшілік бөлімі басқарма қызметін ұйымдастыру, персоналды басқару, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар және өзге де әкімшілік сипаттағы функцияларды жүзеге асырады. Жалпы басқарма қызметкерлерінің саны: 24, оның ішінде 11 мемлекеттік қызметкер, 13 мемлекеттік қызметшілер санатына жатқызылмайтын қызметкерлер. Қаржылық бақылау шаралары жөнінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының 11-бабына сәйкес басқарманың мемлекеттік қызметкерлері және олардың жұбайлары (зайыптары) ҚР Салық заңнамасымен айқындалған мерзім ішінде Қызылорда қаласының салық органдарында 2016 жылғы кезеңге кірістері мен мүлкі туралы салық декларациясын тапсырған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер туралы

Басқарманың барлық мемлекеттік қызметкерлері «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының 12-бабында айқындалған мемлекеттік қызметте болуымен байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдаған.

Аталған шектеулер басқарманың персоналды басқару қызметімен жазбаша нысанда тіркелген.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау барысы жөнінде

Басқармаға 2017 жылдың ІІ жартыжылдығында (01.07.-08.12.2017ж. аралығында) барлығы 17 жеке және 6 заңды тұлғалардан өтініші қабылданып, барлығы орындалып, жазбаша түсіндірмелер берілген. 16 жеке тұлға басқарма басшылығының жеке қабылдауында болып, тиісті түсіндірмелер алған. Оның ішінде басқарма басшысының қабылдауында 10, басқарма басшысының орынбасарының қабыладауында 6 жеке тұлға.         Соңдай-ақ, веб-портал арқылы 2 өтініш түсіп, тиісті жауаптары веб-порталға енгізілген. «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңының талаптарын бұзушылық байқалмады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы

Басқарма ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 шілдедегі № 300 бұйрығымен бекітілген Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру қағидаларына және ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 121 бұйрығымен бекітілген Спорт федерацияларын аккредиттеу қағидаларына сәйкес 2 мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрлерін көрсетеді. 2017 жылдың ІІ жартыжылдығында басқармаға мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша 341 өтініш келіп түсіп, оның 341 - спорттық атақтар, разрядтар мен біліктілік санаттар берілген. Басқармамен мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жүргізу барысында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңының талаптарын бұзушылықтар  байқалған жоқ.              

ІII. Қорытынды бөлімі

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының 7-бабына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 13 бұйрығына сәйкес 2017 жылдың 7-8 желтоқсан аралығында бақыланатың кезең 2017 жылдың ІІ жартыжылдығына Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының дене шынықтыру және спорт саласындағы қызметіне мониторинг жүргізілді. Басқармада тұлғалардың өтініштері «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» ҚР Заңында айқындалған талаптарға сәйкес қаралуда. Жалпы басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл нормалары сақталып, қажетті деңгейде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар орындалуда. Дегенмен, жоғарыдағыларды айта келе, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде келесі ұсынымдарды қабылдаған жөн:

1.басқарма қызметкерлері арасында құқықтық оқыту өткізуді;

2.мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді үйлестіруші қызметкерге тоқсан сайын көрсетілген қызметтер бойынша талдамалық-анықтама әзірлеуді тапсыруды.


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша ақпарат

Ақпарат

1

2017 жылғы 22 қыркүйек күні 16.00-де «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының  мәжіліс залында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысында спорт саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған шаралары туралы қаралды.

02.10.2017 ж.


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жарияланған мақала туралы ақпарат

Мақаланың авторы және атауы

Басылым (№, күні)

1

Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының әкімшілік бөлімінің басшысы Елжанова Г.С.

Атауы - «Сыбайлас жемқорлықты жою – біздің міндет»

«Ақмешіт жастар» Қызылорда облыстық жастар газеті

№ 25 (199) 29 маусым 2017 жыл

04.07.2017 ж.


«Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ мемлекеттік қызметшілерінің 2016 жылға тапсырған кiрiстерi мен мүлкi туралы декларация мәліметтері

Аты-жөні

Лауазымы

Декларация тапсырған уақыты

Салық

кезеңі

1

Мустафаев Садык Шонмурынович

Басшы

03.03.2017 г.

2016 г.

2

Оспанов Жаксылык Абдималикович

Басшы орынбасары

18.03.2017 г.

2016 г.

3

Алтаева Әлия

Алмаханқызы

Бөлім басшысы

29.03.2017 г.

2016 г.

4

Жуматов Серик Айдарбекович

Бөлім басшысы

28.03.2017 г.

2016 г.

5

Сихымов Галым Битимбаевич

Бөлім басшысы

28.02.2017 г.

2016 г.

6

Юн Павел

Викторович

Бөлім басшысы

22.02.2017 г.

2016 г.

7

Елжанова Гүлнар

Серғалиқызы

Бөлім басшысы

27.02.2017 г.

2016 г.

8

Табынбекова Самал

Табынбекқызы

Бас маман

28.02.2017 г.

2016 г.

9

Кульбаева Женисгуль

Курмашевна

Бас маман

23.02.2017 г.

2016 г.

10

Даткабекова Курманкуль

Тулепбергеновна

Бас маман

14.03.2017 г.

2016 г.

11

Серімбетов Ардақ Асанханұлы

Бас маман

30.03.2017 г.

2016 г.

03.04.2017 ж.


«Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ (2016 жыл)

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы» және «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметi туралы»  ҚР Заңдары, ҚР  Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі талаптарының сақталуына ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен өкілдерінің қатысуымен құқықтық оқулар өткізілуде. Басқармада басқарма қызметшілері мен басқарма қарамағындағы мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар басшылығы арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық профилактикасы және мемлекеттік сатып алу заңнамасын түсіндіру жұмыстары ұдайы жүргізіліп отырады.Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы тарапынан басқарма басшысы С. Мұстафаевпен 2015 жылдың 9 желтоқсанында 2016 жылы аудандарда азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау жүргізу кестесі бекітілді. Басқарма басшылығы тарапынан аптасына 2 рет басқарма ғимаратында жеке және заңды тұлғаларға қабылдаулар өткізіліп тұрады. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін басқармада «Сенім телефоны» 23-01-38 қызмет жасайды, жеке және заңды тұлғалардың арыздары мен өтініштеріне арналған арнайы пошта жәшігі ғимаратта орналастырылған.


 

Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ  (2015 жыл)

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында басқарма қызметкерлері және басқарма бағынысындағы мекеме басшыларымен мәжіліс өткізіліп тұрады. Онда мекеме басшылары ұжымда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, ішкі қауіпсіздік жұмыстары арттырылып, қызметтегі тәртіп пен реттілік шаралары нығайту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасы қатаң сақтау тапсырылды. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы тарапынан басқарма басшысы С. Мұстафаевпен 2015 жылдың 26 қаңтарында 2015 жылы аудандарда азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау жүргізу кестесі бекітілді. Кестеге сәйкес басқарма басшысымен Сырдария, Жалағаш, Қармақшы, Қазалы, Арал, Шиелі және Жаңақорған аудандарында «Нұр Отан» Партиясының аудандық филиалымен бірлесіп, жеке және заңды тұлғалардың өкілдеріне жеке қабылдаулар ұйымдастырылады. Басқарма басшылығы тарапынан аптасына 2 рет басқарма ғимаратында жеке және заңды тұлғаларға қабылдаулар өткізіліп тұрады. Облыстық мемлекеттік қызметшілерді және бюджеттік сала қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығында 2015 жылы біліктілік арттыру курсынан 5–мемлекеттік қызметші біліктілігін арттырды. Сонымен қатар, мекемедегі құқықтық оқудың 2015 жылға арналған жоспар-кестесіне сәйкес тиісті мекемелер мамандарының келісімі бойынша «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес», «Мемлекеттік қызмет туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Электронды мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы», «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Заңдары бойынша арнайы қызметкерлер келіп дәріс өткізді. Басқармада басқарма қызметшілері мен басқарма қарамағындағы мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар басшылығы арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық профилактикасы және мемлекеттік сатып алу заңнамасын түсіндіру жұмыстары ұдайы жүргізіліп отырады.


 

Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы және басшының орынбасарының табысы және жеке меншік мүлігі туралы салық органдарына тапсырған декларациясы.

Мекеме атауы

Аты-жөні

Лауазымы

Барлық төленген төлемі

Табыс салығы

Жеке меншік мүлігі

1

Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы

Мұстафаев Садык Шонмурынович

Басқарма басшысы

3440660

171504

Қызылорда қаласы,      мкр Сәулет,

12 үй,27п

2

Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы

Каленов Бағдат Кендебайұлы

Басқарма басшысының орынбасары

2066460

143726

Қызылорда қаласы, Шұғыла 26 а/17

Автомашина Hyundai Elantra №696 ВСА1



 

Құрылған күні: 30-03-2015 18:43
Жаңартылған күні: 09-07-2019 18:28

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика