Новость:: 

2018 жылғы 1-5 ақпан аралығында Маңғыстау облысы Ақтау қаласында қазақ күресінен 1998-2000 жылдары туылған жастар арасында өткен ҚР чемпионатында жерлестеріміз 11 медаль иеленді. Жалпыкомандалық есепте облыс құрамасы бірінші орынды жеңіп алса, Оңтүстік Қазақстан облысының спортшылары – екінші, Жамбыл облысының құрамасы – үшінші орындарды еншіледі. Жекелей сында Адия Сайын (48 келі), Диана Тілеумұратова (52 келі), Бекжан Төлепов (55келі), Арман Жалғасбекұлы (66 келі) Қазақстан жеңімпаздары атанса, Ердәулет Салыбек (55 келі), Арайлым Ханзада (63 келі), Жанерке Қуанышова (78 келі) күміс жүлделерді иеленді. Нәбира Сламбекова (57 келі), Жасұлан Бердібеков (66 келі), Абылайхан Жұбаназар (74 келі), Майра Мырзабек (+78 келі) қола жүлделерге ие болды. Қазақстан жеңімпазы атанған төрт спортшы сәуір айында Моңғолияның Ұлан-Батор қаласында жастар арасында өтетін Азия чемпионатында ел намысын қорғайды.

Қазақ
Фото новости: 
Құрылған күні: 09-02-2018 11:23
Жаңартылған күні: 09-02-2018 11:23

Сұрақ қою

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика