Новость:: 

"Қайсар" Қазақстан кубогының иегері

6 қазан. Түс ауа Астана Арена стадионында Қазақстан кубогының финалы басталды. Ақтық сынға жолдама алған "Қайсар" мен "Атырау" текетіресін тамашалауға аренаға 5 мыңға жуық жанкүйер жиналды. Бас төреші Тимур Кумашевтың нұсқауынан кейін, финалдық ойын да басталды. Алғашқы шабуылды алаң иелері саналған "Қайсар" ұйымдастырды.Армениялық легионер Тигран Барсегян екі қорғаушыны сан соқтырып, қақпа нысанасын көздеді. Алайда Тигранның соққысын қақпашы Маркович киындықсыз тойтарды. Шыны керек, қос командада ақтық сынға жоғары дайындықпен келген. Оны алаңдағы шалт қимыл мен пас алмасудағы шеберліктен аңғаруға болады. Кездесудің алғашқы жартысында гол соғылмады. Бар үміт екенші таймда. Кездесудің екінші жартысы жоғары қарқынмен басталды. Алма-кезек шабуыл. Кенет 67 минутта "Атырау" ойламаған жерден есеп ашты. Петр Гжельчак қорғаушылардың бір ғана қателігін ұтымды пайдаланды. Есеп 0-1. 70 минутта команда капитаны Асхат Тағыберген жоқ жерден қызыл қағаз алып, "Қайсар" 10 ойыншымен алаңда қалды.Стойчо бапкер тактикаға өзгеріс енгізіп, құрамға бірнеше өзгерістер енгізді. Джошуаның орнына Букианы, Битангты Зеньковичпен алмастырды. Сексенінші минут сырғи бастағанда "Қайсар" тайлы тұяғымен шабуылға шықты. 87 минутта салы суға кеткен жанкүйерлердің жүзіне қуаныш келді. Игорь Зенькович Думанның пасын голға айналдырып, командасын жеңілістен құтқарып қалды. Финалдық ойынның кім мықтысы тоқсан минутта анықталмай, қосымша офертаймға ұласты. Футболшылар 120 минут бойы алаңда жан алысып, жан берісті. Негізгі уақыт аяқталып, төреші қосымша 4 минут қосты. Алаңда капитандық міндетті абыроймен арқалаған Думан Нәрзілдаев соңғы сәтте командасына жеңіс сыйлады. Думанның 25 метр қашықтықта тепкен добы қақпаның тоғыздығынан табылды.Осылайша, 20 жыл үзілген жеңіс қайта жалғасын тапты. Енді келер маусымда "Қайсар" Еуропа лигасында бақ сынайды.

Қазақ
Фото новости: 
Құрылған күні: 09-10-2019 18:50
Жаңартылған күні: 09-10-2019 18:50

Сұрақ қою

CAPTCHA
This question is for testing whether or not you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
13 + 7 =
Solve this simple math problem and enter the result. E.g. for 1+3, enter 4.

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика