Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының құрылу тарихы

1954 жылы облыстық атқару комитеті жанынан дене тәрбиесі және спорт комитеті құрылып, жеңіл атлетикалық ядро итеруден сол кездегі республика чемпионы, онсайысшы Александр Степанович Трофимов басшылық жасады. 1961-1962 жылдар аралығында облыстық атқару комитеті жанындағы дене тәрбиесі және спорт комитетін Андрианов Александр Иванович басқарды. 1962-1963 жылдар аралығында Қызылорда облыстық халық депутаттары Кеңесінің атқарушы комитеті жанындағы дене тәрбиесі және спорт комитетін журналист Жолымбетов Өмірзақ Шәріпбайұлы басқарған. 1963-1982 жылдар аралығында Қызылорда облыстық халық депутаттары Кеңесінің атқарушы комитеті жанындағы дене шынықтыру және спорт комитетін шаңғышы Раиса Дмитриевна Войнова басқарып, 1982-1988 жылдары «КСРО дене шынықтыруы мен спортының үздігі», жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушысы Николай Иосифович Шиндин, 1988-2002 жылдары облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт комитетін жеңілатлетші, Қазақстан Республикасының құрметті спорт қайраткері Юрий Федорович Ким, 2002-2004 жылдары Қызылорда облысының туризм және спорт басқармасын, футболшы Ерлан Қасымбайұлы Нұрғали басқарса, 2005-2017 жылдары дзюдодан халықаралық дәрежедегі төреші, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, «Құрмет» орденінің иегері Мұстафаев Садық Шоңмұрынұлы басқарса, 2017 жылдан қазіргі уақытқа дейін ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушы, ҚР Құрметті спорт қызметкері, Халықаралық дәрежедегі төреші, Жоғарғы санатты жаттықтырушы Әкімов Олжас Азатұлы басқарып келеді. 

Құрылған күні: 30-03-2015 18:43
Жаңартылған күні: 08-01-2018 16:24

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика