Дене шынықтыру және спорт саласы

Облыс бойынша дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар саны 231 613 адам, бұл жалпы облыс халқының 29,0 пайызын құрайды.Бұқаралық спортты дамыту үшін бүгінгі таңда мемлекеттік –әлеуметтік тапсырыс аясында 282 спорт нұсқаушысы 138 елді мекенді қамтып, 41  мың адамды тұрақты дене шынықтырумен шұғылдануға баулып келеді.Бұқаралық спортты дамытуға, саламатты өмір салтын насихаттау мақсатында 2019  жылдың 1-ші жартыжылдығында 712 спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізіліп, оған  125 755 адам қатысты.Облыс спортшылары  ҚР чемпионаттарында 272 алтын, 248 күміс, 387 қола медальдарды жеңіп алса, Әлем, Азия чемпионаттарында 17 алтын, 19 күміс, 12 қола медальдарды иеленді.Жоғарғы білікті спортшылар және спорт резервін әзірлеу бағытында спорт түрлерінен спорт түрлерінен 16 Қазақстан Республикасының чемпионаттары (бокс (жасөспірімдер), гандбол (жасөспірімдер), гандбол (әйелдер), көкпар (жасөспірімдер), муайтай, тоғызқұмалақ, ауыр атлетика, шайбалы хоккей, гандбол (әйелдер),   спорттық би, бокс (ерлер), әмбебап жекпе-жек, тоғызқұмалақ (ардагерлер), кикбоксинг, шахмат, дзюдо), 8 халықаралық және 25 республикалық турнирлер өткізілді.

 


Дене шынықтыру және спорт саласы

Облыс бойынша дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар саны 224 382 адам, бұл жалпы облыс халқының 28, 3 пайызын құрайды.  Бұқаралық спортты дамыту үшін бүгінгі таңда мемлекеттік –әлеуметтік тапсырыс аясында 282 спорт нұсқаушысы 138 елді мекенді қамтып, 41 760 мың адамды тұрақты дене шынықтырумен шұғылдануға баулып келеді.Бұқаралық спортты дамытуға, саламатты өмір салтын насихаттау мақсатында 2019  жылдың 1-тоқсанында  323 спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізіліп, оған 58 745 адам қатысты.Облыс спортшылары ҚР чемпионаттарында 137 алтын, 130 күміс, 196 қола медальдарды жеңіп алса, Әлем, Азия чемпионаттарында 8 алтын, 4 күміс, 2 қола медальдарды иеленді.Жоғарғы білікті спортшылар және спорт резервін әзірлеу бағытында спорт түрлерінен 8 ҚР Чемпионаттары (тоғызқұмалақ, ауыр атлетика, муайтай,  бокс, гандбол, гандбол, көкпар, аударыспақ, жамбы ату, теңге ілу, шайбалы хоккей )   2 халықаралық турнир,  8 республикалық турнирлер, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері арасында 11 облыстық біріншіліктер ұйымдастырылып өткізілді.

 


Дене шынықтыру және спорт саласы

Жоғарғы білікті спортшылар және спорт резервін әзірлеу бағытында Олимпиада резервін даярлау орталығы, жоғары спорт шеберлігі мектебі, спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты және 21 балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері жұмыс жүргізуде. Cпорт мектептерінде 18 270 оқушы 35 спорт түрімен шұғылданады.2018 жылдың  12 айында  облыс спортшылары республикалық және халықаралық жарыстарға қатысып төмендегідей нәтижелерге қол жеткізді: ҚР чемпионаттарында  441 алтын, 421  күміс, 486 қола медальдарды жеңіп алса, Әлем, Азия чемпионаттары мен кубоктарында 47 алтын, 43 күміс, 41 қола  медальдарды иеленді.Биыл облыс тарихында алғашқы болып Айбек Шаукилов киокушинкайкан каратэден жастар арасында Әлем және Азия чемпионы атанды.Еркін күрестен Дәулет Ниязбеков үш дүркін Азия чемпионатының алтын медалін жеңіп алды. XVIII жазғы Азия ойындарында жерлесіміз Мерей Медетов байдарка және каноэде есуден қола жүлдені иеленсе, III жасөспірімдер Олимпиадасы ойындарында Диас Бахраддин чемпион атанды.Шахматтан Әсел Серікбай Әлем чемпионатын бағындырса, грек-рим күресінен Айдос Сұлтанғали Әлем чемпионатының қола жүлдесін иеленді.III Пара Азия ойындарында дзюдодан Азамат Тұрымбетов күміс жүлдені иеленсе, отырып ойнау волейболынан Эрик Қасқабаев, Шыңғыс Медеуов, Алмат Манабаев сынды спортшыларымыз Қазақстан құрама команда сапында өнер көрсетіп, қола жүлдені еншіледі.Парадзюдодан Олжас Оразалыұлы республика бойынша тұңғыш Әлем чемпионы атанып, еліміздің Әнұранын шырқатты.      Жоғарғы білікті спортшылар және спорт резервін әзірлеу бағытында спорт түрлерінен 15 ҚР чемпионаты, 5  халықаралық турнир, 35 республикалық турнирлер, 41 балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері арасында облыстық біріншіліктер ұйымдастырылып өткізілді.Облыс бойынша дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылар саны – 224 382 адам, жалпы тұрғындар үлесінің 28,3 пайызын құрайды. Облыс тұрғындарының бұқаралығын арттыру үшін облыстық бюджеттен  120,6 млн.теңге бөлініп, 282 спорт нұсқаушы 138 елді мекенді қамтып, 41 040 мың адамды  тұрақты дене шынықтырумен шұғылдануға баулып келеді.Бұқаралық спортты дамытуға, саламатты өмір салтын насихаттау мақсатында 2018  жылдың 12 айында  1596  спорттық-бұқаралық  іс-шаралар өткізіліп, оған 450 324 адам қатысты.


Дене шынықтыру және спорт саласы

Облыс бойынша дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар саны 211 271 адам, бұл жалпы облыс халқының 27 пайызын құрайды.Облыс тұрғындарының бұқаралығын арттыру үшін облыстық бюджеттен  120,6 млн.теңге бөлініп 282 спорт нұсқаушы 138 елді мекенді қамтып, 41 040 мың адамды  тұрақты дене шынықтырумен шұғылдануға баулып келеді.Бұқаралық спортты дамытуға, саламатты өмір салтын насихаттау мақсатында 2018  жылдың  9 айында  1108 спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізіліп, оған 194  797 адам қатысты.«Нашақорлыққа  жол жоқ!» ұранымен «Бәріңде жарысқа!» атты 1-11 сынып оқушылары арасындағы  көңілді, дәстүрлі жарыс өткізілді. Жарыс әр ауылдық округте, аудан және облыс орталықтарында    өткізілді. Жарысқа барлығы 8000-ға жуық спортшы қатысты.Облыс спортшылары ҚР чемпионаттарында 396 алтын, 372 күміс, 410 қола медальдарды иеленді. Әлем, Азия чемпионаттарында 37 алтын, 23 күміс, 27 қола медальдарға қол жеткізді.Жоғарғы білікті спортшылар және спорт резервін әзірлеу бағытында спорт түрлерінен 13 ҚР Чемпионаттары 6 халықаралық турнир, 35 республикалық турнирлер, 24 балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері арасында  облыстық біріншіліктер ұйымдастырылып өткізілді.


Дене шынықтыру және спорт саласы

Облыс бойынша дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар саны 211 271 адам, бұл жалпы облыс халқының 27 пайызын құрайды. Облыс тұрғындарының бұқаралығын арттыру үшін облыстық бюджеттен  120,6 млн.теңге бөлініп 282 спорт нұсқаушы 138 елді мекенді қамтып, 41 040 мың адамды тұрақты дене шынықтырумен шұғылдануға баулып келеді. Бұқаралық спортты дамытуға, саламатты өмір салтын насихаттау мақсатында 2018 жылдың I жартыжылдығында 686 спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізіліп, оған 121 602 адам қатысты. «Нашақорлыққа жол жоқ!» ұранымен «Бәріңде жарысқа!» атты 1-11 сынып оқушылары арасындағы  көңілді, дәстүрлі жарыс өткізілді.  Жарыс әр ауылдық округте, аудан және облыс орталықтарында өткізілді. Жарысқа барлығы 8000-ға жуық спортшы қатысты. Облыс спортшылары ҚР чемпионаттарында 295 алтын, 272 күміс, 321 қола медальдарды иеленді. Әлем, Азия чемпионаттарында 18 алтын, 23 күміс, 10 қола медальдарғақол жеткізді. Жоғарғы білікті спортшылар және спорт резервін әзірлеу бағытында спорт түрлерінен 13 ҚР Чемпионаттары 3 халықаралық турнир,  28 республикалық турнирлер, 24 балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері арасында  облыстық біріншіліктер ұйымдастырылып өткізілді.


Дене шынықтыру және спорт саласы

Облыс бойынша дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар саны 211 271 адам, бұл жалпы облыс халқының 27 пайызын құрайды. Облыс тұрғындарының бұқаралығын арттыру үшін облыстық бюджеттен  120 млн.теңге бөлініп 282 спорт нұсқаушы 138 елді мекенді қамтып, 41 040 мың адамды  тұрақты дене шынықтырумен шұғылдануға баулып келеді. Бұқаралық спортты дамытуға, саламатты өмір салтын насихаттау мақсатында 2018  жылдың 1-тоқсанында  309 спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізіліп, оған 77 300 адам қатысты. «Нашақорлыққа  жол жоқ!» ұранымен «Бәріңде жарысқа!» атты 1-11 сынып оқушылары арасындағы  көңілді, дәстүрлі жарыс өткізілді. Жарыс әр ауылдық округте, аудан және облыс орталықтарында    өткізілді. Жарысқа барлығы 7600 спортшы қатысты. Облыс спортшылары ҚР чемпионаттарында 105 алтын, 91 күміс, 143 қола медалдарьды иеленді. Жоғарғы білікті спортшылар және спорт резервін әзірлеу бағытында спорт түрлерінен 4 ҚР Чемпионаттары (волейбол, ауыр атлетика, жекпе-жек сайысы, самбо)    1 халықаралық турнир,  10 республикалық турнирлер, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері арасында 10 облыстық біріншіліктер ұйымдастырылып өткізілді.


Дене шынықтыру және спорт саласы (2017 жыл)

Облыс бойынша дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар саны 211 271 адам, бұл жалпы облыс халқының 27 пайызын құрайды. Облыс тұрғындарының бұқаралығын арттыру үшін облыстық бюджеттен 113,7 млн.теңге бөлініп 282 спорт нұсқаушы 138 елді мекенді қамтып, 41 040 мың адамды  тұрақты дене шынықтырумен шұғылдануға баулып келеді. Бұқаралық спортты дамытуға, саламатты өмір салтын насихаттау мақсатында 2017 жылдың  12 айында 1571 спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізіліп, оған 450 200 адам қатысты. Жасалып жатқан жұмыстардың нәтижесінде ұлттық құрама команда сапында өнер көрсететін спортшылар саны артуда. 2017 жылдың 12 айында 6 «ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері», 50 «ҚР спорт шебері», 899 спорт шеберлігіне үміткерлер және 1 разрядты спортшылар әзірленіп,  Еліміздің Ұлттық құрама командасына спорт түрлерінен 420 спортшы енді. (2016 ж. - 395) Облыс спортшылары ҚР чемпионаттарында 797 медальдарды  жеңіп алды. (2016 ж. – 695 медаль). Оның ішінде: 204 алтын, 248 күміс, 345 қола медальдар. Азия, Әлем чемпионаттарында  - 92 медаль.(2016 ж. – 47 медаль).Оның ішінде  28 алтын, 27  күміс және 37 қола медальдар. Жоғарғы білікті спортшылар және спорт резервін әзірлеу бағытында спорт түрлерінен 11 ҚР чемпионаттары (ауыр атлетика, грепплинг, панкратион, волейбол, қазақ күресі, гандбол, мәнерлеп сырғанау, велоспорт, тоғызқұмалақ, грек-рим, шахмат, қазақ күресі),4 халықаралық турнир, 40  республикалық турнирлер, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері арасында 42 облыстық біріншіліктер ұйымдастырылып өткізілді.


Дене шынықтыру және спорт саласы (2016 жыл)

Облыс бойынша дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар саны 203 594 адам, бұл жалпы облыс халқының 26,4 пайызын құрайды. Облыс тұрғындарының бұқаралығын арттыру үшін облыстық бюджеттен  106,3 млн.теңге бөлініп 263 спорт нұсқаушы 133 елді мекенді қамтып, 41 580 мың адамды  тұрақты дене шынықтырумен шұғылдануға баулып келеді. Бұқаралық спортты дамытуға, саламатты өмір салтын насихаттау мақсатында 2016 жылдың 12 айында 1565 спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізіліп, оған 444 558 адам қатысты. Жасалып жатқан жұмыстардың нәтижесінде ұлттық құрама команда сапында өнер көрсететін спортшылар саны артуда. 2016 жылдың  12 айында 8 ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 75 ҚР спорт шебері, 639 спорт шеберлігіне үміткерлер әзірленіп, Еліміздің Ұлттық құрама командасына спорт түрлерінен 395 спортшы енді. Облыс спортшылары ҚР чемпионаттарында 695 медальдарды  жеңіп алды. Оның ішінде: 203 алтын, 203 күміс, 289 қола медальдар. Азия, Әлем чемпионаттарында - 47 медаль, оның ішінде 17 алтын, 13 күміс және 17 қола медальдар. Жоғарғы білікті спортшылар және спорт резервін әзірлеу бағытында спорт түрлерінен 13 ҚР Чемпионаттары (велоспорт, шахмат, отырып ойнау волейболы, су асты балық аулау, көкпар, аударыспақ, теңге ілу, жамбы ату; шайбалы хоккей, қазақ күресі, гандбол, дзюдо, ауыр атлетика), гандболдан әйелдер арасында Клубтар лигасының 1 ші Азия чемпионаты, 4 халықаралық турнир, 27 республикалық турнирлер өткізілді. 


Дене шынықтыру және спорт саласы (2015 жыл)

2015 жылдың қорытындысы бойынша облыста дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылар саны жалпы тұрғындар үлесінің 25,3 пайызын (192 885 адам) құрап,  2014 жылмен салыстырғанда 8656  адамға (184 229 адам) артып отыр. Облыста  2095 спорт ғимараттары жұмыс жасайды, оның ішінде 1386 ауылдық жерде. Өткен жылмен салыстырғанда спорт ғимараттарының саны 38 бірлікке артты. Биылғы жылдың өзінде облыста 5 спорт кешені салынды. Оның ішінде Нағи Ілиясов ауылында стадион мен спорт кешені, Қазалы, Жаңақорған аудандарында дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, Қызылорда қаласында 3000 орындық ипподром және бокс орталығы пайдалануға берілді.  Жыл басынан бері  бұқаралық спортты дамытуға бағытталған 1551іс-шаралар өткізіліп, оған 443248 адам қатысты, ол өткен жылмен салыстырғанда 940 адамға артты. Ал жоғарғы білікті спортшылар және спорт резервін әзірлеу бағытында спорт түрлерінен 10 ҚР чемпионаты(қазақ күресі, шахмат, бокс, велоспорт, футбол, кикбоксинг, қазақ күресі, ауыр атлетика, мәнерлеп сырғанау, гандбол), гандболдан,  таэквондодан ҚР 4-ші жазғы спартакиадасы, ұлттық спорт түрлерінен IV республикалық фестиваль, 3 халықаралық және 24 республикалық турнирлер ұйымдастырылып өткізілді. Облыс спортшылары жыл басынан бері ҚР чемпионаттарында 523 медальдарды  жеңіп алды. Оның ішінде: 164 алтын, 138 күміс, 221 қола медальдар. Азия, Әлем чемпионаттарында  - 52 медаль, оның ішінде   26 алтын, 11 күміс және 15 қола медальдар. Сонымен қатар, 12 - халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 32 - спорт шебері, 324 - спорт шеберіне үміткерлер дайындалып, Еліміздің Ұлттық құрама командасына спорт түрлерінен 306 спортшы енді.

 

Құрылған күні: 30-03-2015 18:43
Жаңартылған күні: 24-07-2019 11:39

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика