• Дата публикации: 08/11/2019 - 12:30
    Мазмұны:

    Назерке Нұрғали – Дүниежүзілік шахмат Олимпиадасының жүлдегері

    2019 жылдың 26 қазан – 6 қараша аралығында Чорум қаласында (Түркия) 16 жасқа дейін жасөспірімдер арасында Дүниежүзілік шахмат Олимпиадасы өтті.Дүбірлі бəсекеде жерлесіміз Назерке Нұрғали қыздар арасында күміс, ұлдар арасында қола жүлделерді жеңіп алды.Швейцар жүйесі бойынша өткізілген жарыста Назерке 8 ойыннан 6,5 ұпай жинады.Айта кетейік, жас шахматшы Дүниежүзілік Олимпиадаға алғашқы рет қатысып, жүлделерге қол жеткізіп отыр.Жас шахматшы биылғы жылдың соңғы жарысы 17 қараша - 1 желтоқсан аралығында Павлодарда өтетін халықаралық турнирге облыс құрама командасымен бірге қатысады.Назерке - шахматтан ҚР спорт шебері, ФИДЕ шебері, 10 дүркін Қазақстан чемпионы, 2 дүркін Əлем, 5 дүркін Азия чемпионы.№1ОРМБЖМ тəлім алатын Назеркені жарысқа Василий Шимелков пен Риза Қошқарова дайындады.

     

  • Дата публикации: 08/11/2019 - 12:26
    Мазмұны:

    Қызылордалық волейболшылар Қазақстан чемпионы

    2019 жылдың 28 қазан – 4 қараша  аралығында Шымкент қаласында волейболдан 2005-2006 жылдары туылған жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының күзгі чемпионаты өтті. Бұл жарыста қызылордалық волейболшылар 16 команданың арасынан   1-орынды жеңіп алды. Команданың алға шығуына және үздік өнер көрсеткен ойыншылар, Қалдыбек Руслан, Қалдыбек Бағлан, Сайрамбек Бекнұр, Әбілаш Досымжан, Әлден Жанарыс, Досмағанбет Бекарыс жəне Балтабай Айбол өз үлестерін қосты.Сондай-ақ, команда сапында Руслан Қалдыбек «Үздік үйлестіруші» номинациясын иеленді.Команданы жарысқа Батырқожа Бабаев жəне Мұрат Мұхамадиев дайындады.

     

  • Дата публикации: 08/11/2019 - 12:22
    Мазмұны:

    Қызылордалық зілтеміршілер Қазақстан чемпионатында  бірінші орынды иеленді

    2019 жылдың 29 қазан – 3 қараша аралығында Нұр-Сұлтан каласында ауыр атлетикадан 23 жасқа дейін өткен спортшылар арасындағы ҚР чемпионатында Сыр спортшылары 11 медаль жеңіп алды.Жалпы командалық есепте қыздар мен ұлдар командалары 1-орынды иеленді.Атап айтсақ, Төлеген Азамат, Ломанов Евгений, Кеңесбек Нұржан, Нұржан Аяжан Қазақстан жеңімпазы атанса, Тұрсынбай Айдос, Камал Бағдаулет, Қайсар Арайлым,Үмбетова Айғаным күміс жүлделерге ие болды.Жаханша Арыстанбек, Қаюпова Таңшолпан,Сарсенбек Ғазиза қола жүлделерге қол жеткізді.Сондай-ақ, ел чемпионатымен қатар А.Храпатыйды еске алуға арналған ауыр атлетикадан ашық республикалық турнир өтті.Турнирде Евгений Ломанов алтыннан алқа тақса, Кеңесбек Нұржан күміс, Жаханша Арыстанбек пен Сарсенбек Газиза қола жүлделерді еншіледі.

     

  • Дата публикации: 09/10/2019 - 18:26
    Мазмұны:

    Олимпиада чемпионы Сыр спортшыларымен кездесті

    2019 жылдың 8 қазан күні Мәскеу Олимпиадасының чемпионы Жақсылық Үшкемпіров іс-сапармен Қызылорда қаласына келді. Қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы қаладағы бірқатар спорт нысандарын аралап, спортшылармен кездесті.Қазақтың даңқты палуаны ауыл балалары тəрбиеленіп жатқан Ж.Баһадүр атындағы олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжіне барды.Жақсылық Үшкемпіров естеліктерімен бөлісіп, спортшыларға биік шыңдарға жетуді тіледі.Одан əрі "Қайсар" ФК базасына келіп, қасқырларды жарқын жеңісімен құттықтады. Клуб ұжымы Жақсылық Әмірәліұлына алғыс айтып, естелікке 7 нөмірлі жейдені табыс етті.

     

  • Дата публикации: 09/10/2019 - 18:11
    Мазмұны:

    "Қайсар" Қазақстан кубогының иегері

    6 қазан. Түс ауа Астана Арена стадионында Қазақстан кубогының финалы басталды. Ақтық сынға жолдама алған "Қайсар" мен "Атырау" текетіресін тамашалауға аренаға 5 мыңға жуық жанкүйер жиналды. Бас төреші Тимур Кумашевтың нұсқауынан кейін, финалдық ойын да басталды. Алғашқы шабуылды алаң иелері саналған "Қайсар" ұйымдастырды.Армениялық легионер Тигран Барсегян екі қорғаушыны сан соқтырып, қақпа нысанасын көздеді. Алайда Тигранның соққысын қақпашы Маркович киындықсыз тойтарды. Шыны керек, қос командада ақтық сынға жоғары дайындықпен келген. Оны алаңдағы шалт қимыл мен пас алмасудағы шеберліктен аңғаруға болады. Кездесудің алғашқы жартысында гол соғылмады. Бар үміт екенші таймда. Кездесудің екінші жартысы жоғары қарқынмен басталды. Алма-кезек шабуыл. Кенет 67 минутта "Атырау" ойламаған жерден есеп ашты. Петр Гжельчак қорғаушылардың бір ғана қателігін ұтымды пайдаланды. Есеп 0-1. 70 минутта команда капитаны Асхат Тағыберген жоқ жерден қызыл қағаз алып, "Қайсар" 10 ойыншымен алаңда қалды.Стойчо бапкер тактикаға өзгеріс енгізіп, құрамға бірнеше өзгерістер енгізді. Джошуаның орнына Букианы, Битангты Зеньковичпен алмастырды. Сексенінші минут сырғи бастағанда "Қайсар" тайлы тұяғымен шабуылға шықты. 87 минутта салы суға кеткен жанкүйерлердің жүзіне қуаныш келді. Игорь Зенькович Думанның пасын голға айналдырып, командасын жеңілістен құтқарып қалды. Финалдық ойынның кім мықтысы тоқсан минутта анықталмай, қосымша офертаймға ұласты. Футболшылар 120 минут бойы алаңда жан алысып, жан берісті. Негізгі уақыт аяқталып, төреші қосымша 4 минут қосты. Алаңда капитандық міндетті абыроймен арқалаған Думан Нәрзілдаев соңғы сәтте командасына жеңіс сыйлады. Думанның 25 метр қашықтықта тепкен добы қақпаның тоғыздығынан табылды.Осылайша, 20 жыл үзілген жеңіс қайта жалғасын тапты. Енді келер маусымда "Қайсар" Еуропа лигасында бақ сынайды.

  • Дата публикации: 27/09/2019 - 11:12
    Мазмұны:

    Бокстан Әлем чемпионатының 2 жүлдесі қызылордалықтардың еншісінде

    Бұл туралы 2019 жылдың 25 қыркүйек күні Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Олжас Акимов баяндады."2020 жылы Токио Олимпиадасында тыңғылықты дайындықта баруымыз қажет. Ол үшін спотшыларымызға барлық жағдайды жасауға міндетіміз. Өздеріңіз білесіздер, Қамшыбек Қоңқабаев Ұлттық құраманың капитаны, сондықтан оған жүктелетін жауапкершілік те салмақты", - деді бақарма басшысы.Еске сала кетейік, Әлем біріншілігінің алдында қос спортшы Азия чемпионатының жеңіс тұғырынан көрінген еді. Қазақстан құрамасы Әлем чемпионатында 1 алтын, 1 күміс, 4 қола медаль иеленді.Өз кезегінде, боксшылар барша қолдау білдірген азаматтарға алғыстарын білдірді.

     

  • Дата публикации: 25/09/2019 - 10:16
    Мазмұны:

    Әлем чемионатының жүлдегерлері  туған жеріне келді

    2019 жылдың 23 қыркүйек күні бокстан Əлем чемпионатының күміс жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев пен қола жүлдегері Тұрсынбай Құлахмет Қызылордаға келді.Қос боксшыны Қорқыт ата əуежайынан туыстары, жанкүйерлері, спортшылар, жаттықтырушылар жəне спорт саласының қызметкерлері қошеметпен күтіп алды.Спортшылар Сыр елі тұрғындарына алғыс айтып, олардың қолдауын сезінгендерін  айтып  өтті.Айта кетейік, Әлем чемпионаты Ресейдің Екатеринбург қаласында  өтті. Қазақстандық боксшылар 1 алтын, 1 күміс, 4 қола медаль иеленіп, жалпы командалық есепте  үшінші орынды иеленді.Ал қызылордалық спортшылар күміс және қола жүлделерді еншіледі.

     

  • Дата публикации: 19/09/2019 - 17:18
    Мазмұны:

    Қызылордалықтар республикалық Паралимпиадалық ойындардан 38 медаль жеңіп алды

    2019 жылдың 12-18  қыркүйек аралығында Ақтөбе қаласында мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында Қазақстан Республикасының  V  жазғы Паралимпиадалық ойындары өтті.Дүбірлі бәсекеде Қызылордалық паралимпиадалық команда табысты өнер көрсетіп, 38 медаль жеңіп алды. Оның  27-і алтын, 4-уі күміс  және 7-уі қола медаль.Республикалық Паралимпиадалық ойындардың қорытындысы бойынша біздің спортшылар 17 команданың арасынан жалпы командалық есепте  жүлделі төртінші орынға ие болды.

     

  • Дата публикации: 19/09/2019 - 17:13
    Мазмұны:

    Қызылордалық самбошылар Азия чемпионатынан жеті медаль жеңіп алды

    2019 жылдың 12-15 қыркүйек аралығында Үндістанның астанасы Нью-Дели қаласында самбодан жасөспірімдер, жастар және ересектер арасында Азия чемпионаты өтті.Дүбірлі бәсекеде Сыр спортшылары 4 алтын және 3 күміс жүлделерді жеңіп алды.Марапаттың жоғары сатысына Бибіхан Нәбиева, Наргиз Воисова, Аружан Сатова және Арайлым Оразбай көтерілсе, Жанерке Асқарова, Аружан Темірғали және Диана Ғайбулла күміс жүлделерді иеленді. Самбодан жасөспірімдер арасында облыстың аға жаттықтырушысы Дархан Сержановтың айтуынша, жарысқа Қызылорда облысынан жеті спортшы қатысып, жетеуі де облыс қоржынына 7 медаль салды.

     

  • Дата публикации: 30/07/2019 - 10:56
    Мазмұны:

    Жалағаштық дзюдошы  - Азия чемпионы атанды

    2019 жылдың 27-30 шілде аралығында Тайпей қаласында (Тайвань) дзюдодан жасөспірімдер арасында өткен Азия чемпионатында еліміздің абыройын Қызылорда облысы, Жалағаш ауданының тумасы Тілеген Тынарбай қорғады.66 келіде өнер көрсеткен жас спортшы төрт кездесудің төртеуінде де қарсыластарын таза жеңіспен ұтып, Азия чемпионы атанды.17 жасар Тілеген осы жеңісіне орай дзюдодан ҚР спорт шебері атағын орындады.Бапкері - Арман Молдаханов.

     

Беттер

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика